ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТТАРЫ ЖАҢАҚОРҒАН АУДАНЫНДА
Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісіндегі «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері Мұрат Ергешбаев пен Мархабат Жайымбетов іс-сапармен Жаңақорған ауданында болып, Жаңақорған кентіндегі 200 орындық оқушылар үйі және 50 орындық өнер мектебінің құрылысы жұмыстарымен танысты.
2023 жылдың желтоқсан айында құрылысы бастау алған екі қабатты оқушылар үйін «Астана сервис LTD» ЖШС-і жүргізуде. Жоба құны - 771 680,5 мың.теңге. Құрылыстың жер көлемі - 2886,62 шаршы метр, құрылыс көлемі - 1574,4 шаршы метр. Ғимараттың жалпы ауданы - 1198,19 шаршы метрді құрайды.
Оқушылар үйі 2024 жылдың қыркүйек айында пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.
Қазіргі таңда құрылыс қарқыны жақсы деңгейде өрбуде.
Мәжіліс депутаттары құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатырған «Астана Сервис LTD» ЖШС-нің жауапты өкіліне құрылыс жұмыстары сапалы және уақытылы тапсырылу керектігін айтып өтті.