№71 (8985) 19

19 қыркүйек 2026 ж.

№70 (8984) 15

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 (8983) 12

12 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » “AMANAT” партиясы мектеп құрылысына партиялық бақылау жүргізді

“AMANAT” партиясы мектеп құрылысына партиялық бақылау жүргізді




Бүгін  “AMANAT” партиясы Жаңақорған аудандық филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясының мүшелері құрылыс нысандарына партиялық бақылау жұмыстарын жүргізді. Атап айтсақ, сайлауалды бағдарламаға енгізілген "Саяжай" ықшам ауданындағы 600 орындық мектеп құрылысына арнайы барып, ондағы жүргізіліп жатқан құрылыстың жайын көзбен көріп, партиялық бақылау жасады.
Партиялық бақылау барысында мектеп құрылысының сапалы салынуын басты назарға алды. Партиялық бақылау барысында құрылыс нысанында қарқынды жұмыс басталып жатқандығы анықталды. Әлбетте, бұл аудан жұртшылығы үшін қуантарлық жағдай.
Комиссия мүшелері бас мердігер компания «Аман-құрылыс» ЖШС-нің өкіліне жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарының уақытылы орындалуы партия бақылауында болатындығын, сонымен қатар халық игілігіне уақытында және сапалы берілу қажет екендігін атап өтті.
15 ақпан 2024 ж. 730 0