№71 (8985) 19

19 қыркүйек 2026 ж.

№70 (8984) 15

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 (8983) 12

12 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » МӘЖІЛІСМЕНДЕР «РУХАНИЯТ» ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

МӘЖІЛІСМЕНДЕР «РУХАНИЯТ» ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісіндегі «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері Мұрат Ергешбаев пен Мархабат Жайымбетовтың Жаңақорған ауданындағы іс - сапары «Руханият» орталығының құрылыс жұмыстарымен танысумен жалғасты.
Тарихи-мәдени, рухани ұйымдарды бір ортаға тоғыстырған «Руханият орталығының» құрылыс жұмыстары ағымдағы жылдың наурыз айында бастау алып, халық игілігіне 2024 жылдың желтоқсан айында пайдалануға беру жоспарлануда.
Ғимарат екі қабатты, жалпы ауданы – 4850 шаршы метр, жалпы алаңы – 1816 шаршы метр. Құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан «Астана сервис Ltd» ЖШС-і өкілдері атқарылуға тиіс жұмыстардың жоспар бойынша жүріп жатқандығын айтты.
Фракция мүшелері құрылыс жұмыстарын сапалы жүргізуді, мемлекет қаржысын тиімді игеруді, уақытылы аяқтауды тапсырды.
#AMANAT
05 шілде 2024 ж. 623 0