ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мархабат Жайымбетов құрылыс нысандарын аралады
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшеcі Мархабат Жайымбетов жұмыс сапарымен Төменарық дәрігерлік амбулаториясы құрылысының жұмысымен танысты.
Депутат Төменарық ауылында салынып жатырған жоба құны 839 млн.теңге құрайтын Төменарық елді мекеніндегі дәрігерлік амбулаторияның құрылыс жұмысымен танысты. Бас мердігер «Астана сервис LTD» ЖШС-і құрылыс жұмыстарын өз деңгейінде жүргізуде. Құрылыс көлемі - 1466,55 м2. Ғимараттың жалпы ауданы - 1112,57 м2. Құрылыстың пайдалануға беру мерзімі - 2024 жылы желтоқсан айы деп жоспарланған.
Аралау соңында Мәжіліс депутаты құрылыс сапасына жіті мән беріліп, бөлінген қаражаттың тиімді игерілуін және жұмысшылардың қауіпсіздік ережелерінің қатаң сақталуын, жалақының уақытылы берілуі қажет екенін айтты. Мәжіліс депутаты өз кезегінде ел игілігіне бағытталған жұмыстардың ең бірінші кезекте сапалы болу керектігін жеткізді.
Халық қалаулысы халықтың сеніміне селкеу түсірмес үшін жауапты азаматтардың мұндай шақта маңызды нысандарды аралауы айырықша маңызға ие екенін тілге тиек етті.