«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы жалғасуда
Елімізде бойынша жүргізіліп жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық жобасы аясында "Таза Бейсенбі" акциясы өз жалғасын тауып, бүгін кент көшелерінде «AMANAT» партиясының аудандық партия мүшелері мен жалынды жастар және барлық мекеме, кәсіпорын ұжымдары белсене ат салысты. Айнала қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау – әрбір азаматтың басты міндеті.
Аталған шара тұрғындардың табиғатқа деген жақсы қарым-қатынасын қалыптастыруға және ауданның санитарлық жағдайын жақсартуға бағытталды. Тұрақты акция аясындағы жұмыстар барысында күн санап көшелердің келбеті жаңарып, әдемі кейіпке енді.
Қоршаған ортаны абаттандыруға жанашырлық танытып, апта сайын өткізілетін акцияның мақсаты – туған жерді аздырмай, қолдан келгенше көркейтіп көгалдандыру. Қашанда халық үшін ауыл – руханияттың темірқазығы, ұлттық құндылықтардың алтын бесігі, береке-байлықтың бастауы. Туған жерінің ауасын жұтып, суын ішіп, табиғатынан қуаттанған әрбір азамат өз ауласын таза ұстап, қадірлеуі тиіс.