Соңғы жаңалықтар

№25 (8939) 7

07 сәуір 2026 ж.

№24 (8938) 4

04 сәуір 2026 ж.

№23 (8937) 31

31 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» ЖОБАСЫ ЖАЛҒАСУДА

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» ЖОБАСЫ ЖАЛҒАСУДА

Бүгінде Жаңақорған ауданында "Таза Қазақстан" акциясы бойынша біршама жұмыстар атқарылған болатын. Осы орайда, бүгін «AMANAT» партиясы аудандық филиалының ұйымдастыруымен «Жалынды Жастар» бастауыш партия ұйымының мүшелері «Таза бейсенбі» акциясын өткізді.
Акцияның мақсаты — қоғамның тазалықты сақтауға деген көзқарасын өзгерту, табиғатты аялау, тұрғындарға қоршаған ортаны қорғау және оны ластамау мәдениетін қалыптастыру. Бүгінгі Жаңақорған кентіндегі Байкенжеев көшесінде ұйымдастырылған шарада көшені қоқыстардан тазалау жұмыстарына партия мүшелері белсене атсалысып, көше тұрғындарын қоршаған ортаны ластамауға шақырды.
Алдағы уақытта да жоба аясындағы шаралар өз жалғасын таба бермек.
17 мамыр 2024 ж. 430 0