№36 (8747) 7

07 мамыр 2024 ж.

№35 (8746) 4

04 мамыр 2024 ж.

№34 (8745) 30

30 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » Сенбілік – тазалық кепілі

Сенбілік – тазалық кепілі

«Тазалық – табалдырықтан басталады», демекші қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау – әрбір азаматтың басты міндеті. Тазалықты жанына серік еткен аудандық білім бөлімінің қызметкерлері ерекше белсенділік танытуда.
Аудандағы әрі кенттегі барлық білім ордалары белгіленген аймақты тазартып, көшет отырғызып, тұрғындардың табиғатқа деген жақсы қарым-қатынасын қалып-тастыруға және ауданның санитарлық жағдайын жақсартуға күш салды.
Әуелі, аудандық білім бөлімінің басшысы Бекжан Шахизатұлы көпке үлгі көрсетіп, тал егіп, сенбілікке белсене атсалысты.
– Сенбілік – халықты игілікті іске шақыру. Әр адам өз үйін әдемі, ауласын таза ұстаса, өңірдің тазалығына көрік қосар еді. Сенбіліктің тазалыққа пайдасы зор. Әр адам сенбілікке кішкене де болса атсалысып, үлесін қосса, тазалыққа деген жауапкершілігі де арта түседі. Туған жердің тазалығын қадағалау әрбір тұрғынның азаматтық парызы екенін естен шығармайық, – деді ауданның бас ұстазы.
Иа, туған жерінің ауасын жұтып, суын ішіп, табиғатынан қуаттанған әрбір азамат өз ауласын таза ұстап, қадірлеуі тиіс.
17 наурыз 2024 ж. 94 0