№74 (8785) 17

17 қыркүйек 2024 ж.

№73 (8784) 14

14 қыркүйек 2024 ж.

№72 (8783) 10

10 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
» » Сенбілік – тазалық кепілі

Сенбілік – тазалық кепілі

Еліміз бойынша жүргізіліп жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында ұйымдастырылған сенбілік жұмыстарына аудан тұрғындарымен қатар барлық мекеме, кәсіпорын ұжымдары белсене ат салысып, қатысты. Айнала қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау – әрбір азаматтың басты міндеті. Тазалықты жанына серік еткен жаңақорғандықтар бүгінде сенбілікте ерекше белсенділік танытуда.
Ақиқатында, сенбілік – бұл ұжымдық рухты, бірегейлікті, ауызбіршілікті көрсететін керемет шара. Аталған шара тұрғындардың табиғатқа деген жақсы қарым-қатынасын қалыптастыруға және ауданның санитарлық жағдайын жақсартуға бағытталды. Тұрақты сенбілік жұмыстары барысында күн санап көшелердің келбеті жаңаруда.
Апта сайын аудан және ауылдық округтерде жаппай сенбілік шаралары ұйымдастырылып, аудан тұрғындары табиғат тазалығын сақтауда белсенділік танытуда. Қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген аудан тұрғындары «Ауыл тазалығы – баршамызға ортақ» деген ұранды ұстанып, ұйымшылдықпен сенбілікке шықты.
Қоршаған ортаны абаттандыруға жанашырлық танытып, апта сайын өткізілетін сенбіліктің мақсаты – туған жерді аздырмай, қолдан келгенше көркейтіп көгалдандыру. Қашанда халық үшін ауыл – руханияттың темірқазығы, ұлттық құндылықтардың алтын бесігі, береке-байлықтың бастауы. Туған жерінің ауасын жұтып, суын ішіп, табиғатынан қуаттанған әрбір азамат өз ауласын таза ұстап, қадірлеуі тиіс.
28 шілде 2024 ж. 446 0