Облыс әкімінің грантын тағайындау жұмыстары жөнінде кеңес өтті

Атап айтқанда, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетіне 6 грант:Тау кен ісі және пайдалы қазбаларды өндіру-2; Электр энергетикасы-1Көлік техникасы және технологиялар-1; Су ресурстарын басқару-1; Дәстүрлі музыка өнері-1: Қызылорда қаласындағы «Болашақ» университеті1 грант: Көлікті пайдалану және жүк қозғалысымен тасымалдауды ұйыдастыру-1: Қарағанды медицина университеті 1 грант: Жалпы медицина-1;С. Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университеті 1 грант: жалпы медицина-1:
Аталмыш көмекті алуға, балалар үйінің тәрбиеленушілері (отбасылық үлгідегі балалар ауылы мекемесінің түлектері) мүмкіндігі шектеулі балалар; жетім балалар; ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар; асыраушысынан айырылған отбасылардың балалары; ата-анасының екеуі немесе біреуі зейнеткер болып табылатын, тұрмысы төмен отбасыларының балалары; ата-анасының екеуі немесе біреуі мүгедектігі бар болып табылатын балалар; көп балалы отбасылардың балалары; аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар құжаттарын тапсыра алады.
Ағымдағы жылдың 6-15 тамыз аралығында ауылдық округтегі мектеп бітіруші түлектер өтінішпен тиісті құжаттарын ауылдық округ әкімдіктеріне, ал Жаңақорған кентінің мектеп бітіруші түлектері аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне тапсыруға болады. (мекен жайы: Б. Майлин 5, байланыс телефоны 23-2-70)
Ең басты шарт-түлектер Ұлттық бірыңғай немесе кешенді тестілеуден кемінде ұлттық ЖОО 65 балл басқа ЖОО 50 балл жинау қажет. Сондай-ақ ветеринарияға 60, педагогикаға 75, медицинаға 70 баллдан кем болмауы тиіс.
Қабылданған құжаттар осы жылдың19-23 тамыз аралығында аудан әкімдігі жанынан құрылған арнайы комиссияға ұсынылып, комиссияның оң қорытындысын алған азамат, облыс әкімінің гранты иегері атанады.