№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

№90 (8801) 12

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Облыс әкімінің гранты кімдерге беріледі?

Облыс әкімінің гранты кімдерге беріледі?

Білімге құштар жандардың арасында көп балалы жанұялардан шыққан, әлеуметтік көмекке мұқтаж, қамқорлықты қажет ететін талапкерлер үшін облыс әкіімінің арнайы гранты тағайындалып отыр. Осы беріліп отырған демеу түрінің лайықты иесіне табысталуы үшін шынайы зерделеніп, әлеуметтік әділеттілік принципінің салтанат құруы сіз бен біздің белсенділігіміз бен адами келбетііміздің көрінісі болып табылатынында дау жоқ.
Биыл өңіріміз бойынша атаулы мақсатқа 100 грант бөлінген. Соның оны Жаңақорған ауданына тиесілі екен. Грант бөлінген мамандықтар және олардың саны жөнінде білмекке аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтардың хал-актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Аягөз Айдосовамен тілдескен едік. Ол төмендегіше жауап берді:
Тұрмыс күйі төмен, аз қамтылған отбасы балаларын қолдау бағытында беріліп отырған қаржы талапты жастың болашағына үлкен қолдау, келешек өміріне ұмытылмастай әсер сыйлайтын шара қамқорлық қадам.
Сонымен, нақтылап тоқталсақ, Қызылорда қаласындағы Қорқыт Ата атындағы университетіне  4 грант, оның ішінде, орыс тілі мен орыс әдебиеті пәні мұғалімі 1 орын, математика пәні мұғалімі 1 орын, инженерлік желілер мен жүйелер 1 орын, су ресурстары және суды пайдалану факультетіне 1 орын, Қазақ ұлттық аграрлық университетіне 1 грант. Ветеринарлық медицина мамандығына, «Нұр-Мүбарак» университетіне. Дінтанушы мамандығына 1 грант, Санжар Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетіне 2 грант, Екеуі де жалпы медицина факультеті. Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина унмверситетіне 2 грант, екеуі де жалпы медицина бөліміне
Сонымен, 2020-2021 оқу жылына бөлінген облыс әкімінің оқу грантына үміткерлерді қабылдау басталды. Қорытындысы тамыз айында жарияланады. Осы тұста, бұл мүмкіндікке кім ие болады? Құжатты қайда тапсырады? Құжат ауылдық округінің әкімдігінде және аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтардың хал актілерін тіркеу мекемесінде қабылданады. Аталмыш көмекті алуға, балалар үйінің тәрбиеленушілері (отбасылық үлгідегі балалар ауылы мекемесінің түлектері), мүмкіндігі шектеулі балалар; жетім балалар; ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар; асыраушысынан айырылған отбасылардың балалары; ата-анасының екеуі немесе біреуі зейнеткер болып табылатын, тұрмысы төмен отбасыларының балалары; ата-анасының екеуі немесе біреуі мүгедек болып табылатын балалар; көпбалалы отбасылардың балалары; аз қамтылған отбасылардан  шыққан балалар құжаттарын тапсыра алады. Сондай-ақ, әлеуметтік көмекті тағайындау үшін құжат қабылдау осы жылдың 20 тамызына аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде жүргізіледі. Білім грантын тағайындау туралы шешімді конкурстық  негізде жергілікті аудан әкімі жанынан құрылған арнайы комиссия қабылдайды. Оқу грантына байланыс сұрақтары бойынша 8(7242) 27-01-11 телефонына хабарласуға болады.
«Ең басты шарт – балалар Ұлттық бірыңғай немесе кешенді тестілеуден кемінде 50 балл жинау қажет. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы, ветеринарияға – 65, педагогикаға – 75, медицинаға – 70 балл болуы керек. Аталған санаттар бойынша әлеуметтік көмек тағайындау  отбасының өткен тоқсандағы табыстарын ескере отырып жүргізіледі.
Баян ҮСЕЙІНОВА
07 тамыз 2021 ж. 1 167 0