№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

№90 (8801) 12

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Облыс әкімі гранты кімдерге беріледі?

Облыс әкімі гранты кімдерге беріледі?


Облыс әкімінің орынбасары Н.Сақтағановтың төрағалығымен өткен облыс әкімінің грантын тағайындау жұмыстары жөніндегі Кеңес отырысының хаттамалық тапсырмаларына сәйкес өңірге қажет мамандықтар бойынша 2022 жылға Жаңақорған ауданына 10 грант бөлініп отыр.

 Атап айтқанда, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетіне 4 грант: орыс тілі мен орыс әдебиеті пәні мұғаліміне – 1; математика пәні мұғаліміне (орыс бөлімі) – 1; азық-түлік өнімдерінің технологиясына – 1; журналистика және ақпарат мамандығына – 1, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалылық университетіне Әлеуметтанушы мамандығына – 1 грант. Қазақ Ұлттық аграрлық зерттеу университеті 2 грант, бірі жылу энергетикасы маманлығына, бірі – вереринар медицина мамандығына, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетіне теолог-дінтанушы мамандығына 1 грант, С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетіне жалпы медицина мамандығына 1 грант, М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетіне жалпы медицина мамандығына 1 грант.

 Аталмыш көмекті алуға, балалар үйінің тәрбиеленушілері (отбасылық үлгідегі балалар ауылы мекемесінің түлектері) мүмкіндігі шектеулі балалар; жетім балалар; ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар; асыраушысынан айырылған отбасылардың балалары; атаанасының екеуі немесе біреуі зейнеткер болып табылатын, тұрмысы төмен отбасыларының балалары; атаанасының екеуі немесе біреуі мүгедектігі бар болып табылатын балалар; көп балалы отбасылардың балалары; аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар құжаттарын тапсыра алады.

 Осы жылдың 5-18 тамыз аралығында ауылдық округтегі мектеп бітіруші түлектер өтініш пен тиісті құжаттарын ауылдық округ әкімдіктеріне, ал Жаңақорған кентінің мектеп бітіруші түлектері аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар және АХАТ бөліміне тапсыруға болады. Мекен жайы Б.Майлин 5, байланыс телефоны 23-2-70.

 Ең басты шарт түлектер Ұлттық бірыңғай немесе кешенді тестілеуден кемінде ұлттық ЖОО 65 балл басқа ЖОО 50 балл жинауы қажет. Сондай-ақ ветеринарияға 60, педагогикаға 75, медицинаға 70 балдан кем болмауы тиіс.

 Қабылданған құжаттар осы жылдың 20-25 тамыз аралығында аудан әкімдігі жанынан құрылған арнайы комиссияға ұсынылып, комиссияның оң қорытындысын алған азамат облыс әкімінің гранты иегері атанады.

Аягөз АЙДОСОВА, аудандық жұмыспен қамту және бағдарламалар бөлімінің басшысы
08 тамыз 2022 ж. 330 0