Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Білім гранты кімдерге бұйырды?

Білім гранты кімдерге бұйырды?



Талапкер үшін ең қуанышты сәт – өзі қалаған университетке грант негізінде оқуға түскені жайлы қуанышты хабардың жетуі. Биылғы ұлттық бірыңғай тестілеуге аудандағы 42 мектептен 1089 оқушы бітірсе, 69 оқушы алтын белгі иегері атанып, оның 975 түлек ҰБТ емтиханынан бақтарын сынаған-ды. Олардың арасында 637 оқушы мемлекеттік грант иегері атанып, жоғарғы оқу орындарының студенті атанды. Біз бірнеше мектепке арнайы хабарласып, грант иелері жайлы білдік.
Облыс әкімінің грантын КІМ иеленеді?
Облыс әкімінің орынбасары Мейрамбек Шермағанбеттің төрағалығымен өткен облыс әкімінің грантын тағайындау жұмыстары жөніндегі Кеңес отырысының хаттамалық тапсырмаларына сәйкес өңірге қажет мамандықтар бойынша 2023 жылға Жаңақорған ауданына 9 грант бөлінген. Атап айтқанда, Қорқыт ата атындағы Қызылор­да мемлекеттік университетіне – 7 грант. Орыс тілі мен орыс әдебиеті пәні мұғалімі, химия, информатика, математика, дене шынықтыру және спорт, электр-энергетикасы, су ресурстары және суды пайдалану мамандығы бойынша бір-бір грант бөлініпті. С.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университеті 2 грант беріп отыр. Бұл көмекті кімдер ала алады?
Аталмыш көмекті алуға, балалар үйінің тәрбиеленушілері (отбасылық үлгідегі балалар ауылы мекемесінің түлектері) мүмкіндігі шектеу­лі, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, асыраушысынан айырылған отбасылардың балалары, ата-анасының екеуі немесе біреуі зейнеткер болып табылатын, тұрмысы төмен отбасыларының, ата-анасының екеуі немесе біреуі мүгедектігі бар болып табылатын, көп балалы отбасылардың және аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар құжаттарын тапсыра алады.
Ағымдағы жылдың 10-17 тамыз аралығында ауылдық округтегі мектеп бітіруші түлектер өтінішпен тиісті құжаттарын ауылдық округ әкімдіктеріне, Жаңақорған кентінің мектеп бітіруші түлектері аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне тапсыруға болады. Ең басты шарт-түлектер Ұлттық бірыңғай немесе кешенді тестілеуден кемінде ұлттық жоғарғы оқу орындарына – 65 балл, басқа ЖОО – 50 балл жинауы қажет екен. Сондай-ақ ветеринарияға – 60, педагогикаға – 75, медицинаға – 70 баллдан кем болмауы тиіс.
Қабылданған құжаттар осы жылдың 18-23 тамыз аралығында аудан әкімдігі жанынан құрылған арнайы комиссияға ұсынылып, ко­миссияның оң қорытындысын алған азамат, облыс әкімінің гранты иегері атанады. Қ.Р Білім және ғылыми министрлігі 2022-2023 оқу жылында бакалавриатқа түсу үшін 73 мыңнан астам грант бөлінді. Гранттарды тағайындау конкурсына қатысу үшін 94 мың талапкер құжат тапсырды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 14 мыңға артық.
Жалпы мемлекеттік грантқа үміткерлер ара­сында балдар теңдігі жағдайында басым құқыққа ие болатын 20 мыңға жуық талапкер, олардың ішінде  «Алтын белгі» иегерлері, халық­аралық және республикалық олимпиадалар­дың жеңімпаздары, оқу үздіктері бар. Сондай-ақ, гранттарды үйлестіру барысында әлеуметтік осал санаттағы балалардың квоталары ескерілгенін айта кетейік.
Әлбетте, бұл атаулы гранттарға ҰБТ-ға қатысқан барлық талапкердің үміті бар. Бағы жанып, мемлекеттік грантты жеңіп алған талапкердің бірі – Қасиет Бақытжан. Ол №3 мектепті интернатты үздік аяқтап, ҰБТ-дан 120 балл жинап, қызыл атестатқа бітірді. Енді, міне Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, «Журналистика» кафедрасында  білім алатын болады.
– Өзім екі-үш жылдан бері тестке дайындалдым. Негізгі сабақтардың барлығын жетік меңгердім деуге болады. Тесттен ойдағыдай бал жинап, өзім қалаған Алматы қаласындағы Қазақ ұлттық университетінің грантына ие болдым. Бала күнімнен армандаған журналист мамандығын таңдаған болатынмын. Алла бұйыртса, ақпарат саласы мамандығын игеріп, қарапайым халық пен билік арасында алтын көпір болып, әсіресе, туған жеріме қызмет етіп, ел илігіне қызмет етемін, – дейді талапты жас.
№286 мектеп интернаты директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Гүлнар Сабырханқызына хабарластық. Ол кісінің сөзінше, биылғы ҰБТ-ға 7 түлек қатысып, оның 7-де мемлекеттік грантқа түскен.
– Әрине, тағатсыздана күтіп жүрген уақытта қуанышты хабарды естіп еріксіз көзімізге жас келді. Мемлекеттік грант конкурсына 7 оқушы қатысып, оның 4-і педагогикалық,  2-і техникалық, 1-і эколог мамандығына түсіп отыр. Барлығы да өздерінің қалаған мамандықтары. Өздеріңіз білесіз біздің мектеп жаңадан ашылған, биыл алғашқы түлектерімізді үлкен өмір жолына аттандырдық. Бұл мектеп директорынан бастап ұстаздардың тынымсыз еңбегінің арқасы деп есептеймін. Сонымен қатар, ата-ананың да, оқушының да ізденісі өте жақсы. Алдын ала қандай мамандықты оқуға болады деп ізденеді. «Мемлекеттік грант қай салаға көп бөлініпті, қайсы мамандықты оқысақ болашақта жұмыссыз қалмаймыз» деп, жан-жақты ақпарат жинайды. Міне, соның нәтижесінде грантқа түскендердің саны басым. Алдағы оқу жылында бұдан да жоғары нәтиже көрсететінімізге сенемін, – дейді оқу ісі жөніндегі орынбасары.
Атаулы мектептің оқушысы Дамира Нұрланқызынан мемлекеттік грантты иеленудің сырымен бөлістік.
– Мектепті бітірген оқушының барлығы тестілеуге қатысты. Бізде ұстаздарымыз бір жыл бойына жүйелі жұмыс жүргізе отырып, тыңғылықты дайындады. Әсіресе, Қызылорда қаласындағы «Кәсіби бағдарлау орталығында» бізді өте жоғары деңгейде дайындады. Ең бастысы жалқаулық танытпай, күні-түні дайындалатын болсаң, кез келген жерде жеңіске жетуге болатынына көзім жетті, – дейді талапкер.
Бүгінгі жас  елдің ертеңгі мызғымас тірегі, келешек келбеті. Сол себепті олардың білімді, бәсекеге қабілетті болуы ел дамуындағы аса маңызды фактор. Осы тұрғыдан келгенде түлектердің мемлекетке қажетті мамандықтарды игеріп, дамуға, өркендеуге үлес қосқаны маңызды. Мемлекет басшысының қойып отырған талабы да осы. Ең бастысы мамандық таңдау, қарап отырмай жан-жақты ізденіп, түрлі ақпарат көздерін қарап, күнделікті болып жатқан жаңалықтарды ескеріп, құжатты тапсыруда сауатты болсаңыз болды, грант жеңіп алу қиындық туғызбайтынын биылғы грантқа түскен оқушылар дәлелдеп бергендей.

                                                                                                                                                      Әсел РЗАЕВА
12 тамыз 2023 ж. 226 0