Электр желілері жаңартылуда

2023 жылы жобаның І кезеңінде 35 дана 10/0,4кВ КТПБ орнатылып, 27 дана ТП 10/0,4 қосалқы станциясы жөнделіп, 31,65 шақырым 10/0,4 кВ кабельдік желілер қайта жаңартылды.
Биыл 22 дана 10/0,4кВ КТПБ орнатылуда, 24 дана ТП 10/0, 4 кВ қосалқы станциясы жөнделіп, 56 дана қосалқы станцияның электр қондырғылары ауыстырылып, 23 шақырым электр желілері қайта жаңғыртылуда.
Жалпы, электр желілеріне күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары қаланың шет аймақтарымен қоса, Южный, Жаңа базар аумағы, «Достық үйі» маңы, Шымбай көшелерінде жүргізілуде.