№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ЭЛЕКТР ЖЕЛІЛЕРІ ЖАҢАРТЫЛУДА

ЭЛЕКТР ЖЕЛІЛЕРІ ЖАҢАРТЫЛУДА

Соңғы бес жылда  шаһарда және Арал, Қазалы, Сырдария  аудандарында  бірқатар қосалқы станциялар мен трансформаторлық қондырғылар орнатылды. Ал былтыр Жосалы мен Төретамда 35/10 кВ қосалқы станциясы қайта жаңғыртылды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингтеоблыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Ерлан Жаңабаев мәлімдеді.
Сондай-ақ, 1965 жылдан бері жаңартылмаған  электр желілері бар. Бұлар да  кезең-кезеңімен күрделі жөндеуден өтеді.
- Жалағаш ауданындағы Аққыр, Мәдениет, Жаңадария, Жаңаталап, Аққұм, Бұқарбай батыр елді мекендеріндегі тозығы жеткен электрмен қамту жүйелерін  жаңғыртуға облыстық бюджеттен 442,6 млн. тенге  бөлінді. Бүгінде Аққыр, Мәдиниет, Жаңадария елді мекендерінің тұрғындары жаңғыртылған электр желілеріне қосылды. Қалған үш  елді мекенде құрылыс  жұмыстары жүруде, - деді Ерлан Мақсотұлы.
Биыл «Нұрлы-жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында 60 шақырымды құрайтын  электр желісінің құрылыс жұмыстары басталады.
Сала мамандары 2022 жылы  Аралда қуаттылығы 20 мегаватты  құрайтын күн электр станциясы салынатынын айтты.
Қазіргі таңда, 100-ден  аса шаруа қожалық қуаттылығы 2 киловаттан асатын күн сәулесімен жұмыс істейтін кіші электр станцияларды тұрақты пайдалануда.
04 сәуір 2021 ж. 738 0