№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Электр желісі қашан және қалай жаңарады?

Электр желісі қашан және қалай жаңарады?

Аудандағы ең өзекті мәселенің бірі – электр жарығының жай-күйі. Биылғы қыс электр желісін жаңалау керектігін сездірді. Мұның салмағын аудан басшылары да жақсы түсініп отыр. Расында бұл мәселеге нүкте қойылатын кез келді. Бірақ бір жылда атқарыла қоюы екіталай. ХХ ғасырдың 60-70 жылдары жүргізілген электр желілері мен бағаналарды жаңалауға қомақты қаржы керек-ақ. Осы жөнінде арнайылап зерделеген едік.50 жылдан асқан бағаналар мен желінің 70 пайызының тозығы жеткен. Мұны сала мамандары растайды. Бүгінде электр желілерінің үзілуі, бағаналардың сынуы жиі орын алады. Әсіресе, күздегі жаңбыр, қыстағы қалың қар мен боран кезінде ауылдық округтер түгілі аудан орталығында жиі жарық өшіп, сағаттап күттік...
Жаңақорған кентінің электр желілері мен бағаналарын ауыстырудың жобасы дайындалды. Жобаның жалпы құны млрд-тан асады. Аудан әкімі Руслан Рүстемов халық алдындағы есеп беру кездесуінде:
– Үлкен жобаны қаржыландыру да оңай болмайды. Сол үшін облыстық мәслихат, және Мәжіліс депутаттарын жұмылдыра отырып, республикалық, облыстық бюджеттен қаржы қарастыру жұмыстарымен айналысып жатырмыз. Аудандық электр тарату торабы биыл өз мүмкіндігімен Қандөз, Келінтөбе, Бесарық, Ақүйік, Сунақата, Сүттіқұдық, М.Нәлібаев ауылдық округінде жөндеу жұмысын қолға алады. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы жылдары да жалғасын табады, – деді.
Ірі жобаның нақты межесінен бұрын аудандық электр торабының биылғы жоспар-межесін жүйелеп алайық.
– Жылдық жоспарға сәйкес, биыл аудан орталығы мен елді мекендерге ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Мәселен, жоғары кернеулік 35 киловольт (кВ) әуе желісі Жаңарық, Қыркеңсе және М.Нәлібаев ауылдық округіне барар жолға жүргізіледі. Ұзындығы – 18 шақырым болады. Сол секілді Бірлік пен Талап аралығындағы 43 шақырым әуе желісі күрделі жөндеуден өткізіледі. Ал, Келінтөбе (8,2 шақырым) мен Сунақата ауылдық округіндегі (5,38 шақырым) әуе желісі 10 КВ бойынша күрделі жөндеу жүргізіледі, – деді мекеменің бастығы Шалқар Рахышев.
Құнды құжатта Бірлік (9,2 шақырым), Қыркеңсе (1,78 шақырым), Келінтөбе (4,2 шақырым) және Сунақата (2,1 шақырым) елді мекеніндегі 0,4 кВ әуе желісіне де күрделі жөндеу жүргізіледі. Сондай-ақ Түгіскен, Еңбек, Ақсуат елді мекені мен Жаңақорған кентіндегі бір-бір дана 10-0,4 кВ электр станцияларына күрделі жұмыс күтіп тұр. Сондай-ақ Қожакентегі 35,10 кВ станциясына да күрделі жөндеу жұмысы жүргізіледі.
Айта кететіні, аудан әкімінің есебінен елді мекендердің жарықтандырылуын қамтамасыз ету бойынша бюджеттік бағдарлама аясында 34 млн 634 мың теңге қаржы қаралатынын естіген едік. Демек жұмыс жүйеленеді дегенді білдіреді. Біздің бір білетініміз, аудандық эклетр торабы мекемесінің қызметкерлерінің межелі жұмысы бар. Ол – аудан халқыны электр жарығын жеткізіп беру. Себебі, кейбір елді мекендерде электр жарығына ұялы байланысты қуаттап алудың өзі мұң болып тұр. Мұндай талапты Қандөз, Аққорған ауылдық округінің тұрғындары қойып, шағымданғаны есімізде.
Енді жай жөндеуден өткізілетін округтердегі электр желілеріне кезек берсек.
– 35 кВ болатын М.Нәлібаев пен Қожакенттегі ұзындығы 21 шақырым болатын әуе желісі жай жөндеуден өтеді. 10 кВ болатын аудан орталығы мен Сунақата және Талаптағы барлығы 38,9 шақырымды құрайтын әуе желісіне жай жөндеу жүргізіледі. 0,4 кВ болатын Сүттіқұдық, Жайылма, Жаңақорған кенті мен Құттықожа ауылы, Қыраш, Түгіскен және Келінтөбе елді мекендеріне жай жөндеу жүргізілетін болады. Сонымен қатар, 10-0,4 кВ болатын кент және ауылдық округтер бойынша 8 электр станциясы жай жөндеуден өткізіледі. Аудан әкімі бастаған жоба мақұлданып, қаржысы қаралса, ең бірінші аудан орталығындағы жарық жаңартылатын болады, – деді Шалқар Әбдімәлікұлы.
Жалпы бұл мекеменің толық межесі емес, бұдан да басқа атқарар жұмыс жетерлік. Ең бастысы, біз күткен ірі бастама ертерек басталып, аудан тұрғындарының игілігіне берілсе дейміз. Аудан басшысы осы мәселенің ертерек шешімін табуын, республикалық қаржының тезірек ауданға келуіне жұмыс жасауға талап қойып отыр. Тұрғындар да берекелі бастаманың оң болуына тілекші. Қалғаны уақыттың еншісінде.

Әли ТЕМІРБЕК
09 ақпан 2021 ж. 847 0