№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 (8808) 7

07 желтоқсан 2024 ж.

№96 (8807) 3

03 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ЖЫЛУ БЕРУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ БАРЫСЫ БАЯНДАЛДЫ

ЖЫЛУ БЕРУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ БАРЫСЫ БАЯНДАЛДЫ


Алдағы жылу беру маусымына дайындық жұмыстары қарқынды жүруде. Бүгінде қаладағы жылу желілері сумен толтырылып, жоғары қысыммен сынақтан өткізілуде. Облыста жылу беру уақыты екі аптадан кейін басталмақ. Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Ерлан Жоламанов мәлімдеді.

"Биылғы жылы қазандықтар мен турбогенераторларға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Алдағы жылу беру маусымына дайындық жұмыстары қала және аудан әкімдерімен бекітілген шараларға сәйкес жүруде. Оның ішінде "Қызылорда электр тарату тораптары" АҚ бойынша жалпы көлемі 1,1 шақырым болатын әртүрлі кенеудегі электр желілеріне күрделі жөндеу көзделген болатын. Қазіргі таңда аталған жұмыстар 100 пайызға орындалды. Сонымен қатар, Қызылжарма ауылдық округінде тұрғындар өз бетінше жүргізген электр желілеріне құрылыс жұмыстары басталды. Келесі жылы Титов және Арай шағын аудандарындағы электр желілерін құрылысын жүргізу жоспарда бар. Әлеуметтік нысандар бойынша жоспарланған 527 білім беру мекемелері мен 288 мәдениет және 247 денсаулық сақтау нысандары 100 пайыз дайын деп айта аламыз. Ал көмір бағасын бірқалыпты ұстау үшін әкімдік пен көмірді сатумен айналысатын өңірлік операторлар арасында меморандум жасалды",- деді Ерлан Ералыұлы.
Облыста 186,8 шақырым жылу желілері бар болса оның 40 пайызының тозығы жеткен. Биыл осы бағытта "ҚЖЭО" МКК инвестициялық бағдарламасы аясында кәсіпорын өз қаражаты есебінен жылу құбыларын толығымен ауыстырды.
"Осы жылдың 10 қыркүйектен бастап магистралдық және кварталаралық жылу құбыларына сынақ жұмыстары толығымен жүргізілді. Жылу желілеріндегі желілік су салқан айналымға қойылды. Қала бойынша орталықтандырылған жылу жүйесіне 1 538 нысан қосылған.Жалпы саны 350 көпқабатты тұрғын үйде жылу есептегіш құралдары орнатылған" , -деді "Қызылорда жылу электр орталығы" МКК директоры Наурыз Сатханов.
01 қазан 2021 ж. 413 0