№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Апат жағдайында арыздануға асықпаңыз

Апат жағдайында арыздануға асықпаңыз



Жуырда Жаңақорған аудандық сотының ұйымдастыруымен өткен семинарда «Еурохаттаманы рәсімдеу туралы ереже» жан- жақты талқыланды.Жиынға төрағалық еткен аудандық сот төрағасының міндетін атқарушы Эльдар Рысқұлов 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енген сақтандыру жағдайларын жеңілдетілген тәртіппен реттеуге бағытталған еурохаттаманың ел азаматтары үшін тиімділігін атап өтті.
– Статистикалық деректерге қарағанда Қызылорда облысы соттарында ӘҚБтК- нің 610-бабы бойынша 2024 жылдың маусым айында 2074 іс қаралса, шілде айында 2177 іс қаралған. Біздің болжауымызша осы сітердің жартысына жуығы жеңілдетілген тәртіппен дау-дамайсыз аяқталған. Себебі тараптар қаулының заңды күшіне енуін күтпей сақтандыру жарнасын алуды көздейді. Егер Еурохаттама рәсімі дұрыс деңгейде жүретін болса, аталған баппен сотқа түсетін істер саны да азаятын еді, – деді  Эльдар Ескендірұлы.
Оның айтуынша, «Еурохатаманы» пайдаланушы тараптар жол полициясының қатысуынсыз, кінәлі мен залал мөлшері айқын болған ауыр емес апаттар жағдайында жол көлік оқиғасын рәсімдей алады. Сәйкесінше, зардабы аса ауыр емес жол-көлік оқиғаларын екі жақ жеңілдетілген тәртіппен сақтандыру талабымен ресімдей алады. Нақтылап айтсақ, жүргізушілер абайсызда жеңіл соқтығысқан жағдайда
бірден полиция қызметкеріне жүгінбей, қолдарындағы смартфон арқылы жол көлік оқиғасын рәсімдесе болады.
Нәтижесінде, көлік иесінің есепшотына апат шығыны өзінің сақтандыру қорынан жылдам түсетін болады.
Хош. Енді еурохаттаманың қандай жағдайларда қолданылатынына кеңірек тоқталсақ. Бірінші, 2024 жылға зардап шеккен тарапты жөндеу сомасы 100 АЕК, яғни 369 мың теңдеген аспауыкерек. Екінші, азаматтардың өмірі мен денсаулығына зиян келмеуі керек. Үшінші, жол көлік оқиғасы кезінде тек көлік құралы ғана бүлінген, басқа мүлікке зиян тимеген болуы керек. Төртінші, апатқа ұшыраған екі тараптың да қолданыстағы міндетті автосақтандыру полисі болғаны жөн. Бесінші, жүргізушілер арасында жол апатының зақымдану тімен жағдайына қатысты келіспеушіліктер болмағаны абзал. Алтыншы, көлік жүргізушілерінің мобильді нөмірлері мобильді азаматтар базасында тіркелген
болуы міндетті.
Оқиғаны рәсімдеу бірнеше кезеңнен тұрады. Алдымен қатысушылар мобильді авторизациядан өтіп, оқиғаның болған орны мен
уақытын көрсетіп, кінәлі адам мен жүргізушінің деректерін енгізеді. Одан әрі көлік құралының мәліметтерін, яғни жүру мөлшері мен VIN кодын енгізіп, мемлекеттік нөмірі бар көлікті төрт жағынан және оқиға аумағын фотоға түсіреді. Содан кейін көліктің зақымданнған жерін
белгілеп, жүйеден растауды күтеді. Қосымша іске қосылған сәттен бастап барлық қажетті құжаттар, апат координаттары және зақымдану
фотосуреттері қосымша арқылы өзгеріссіз автоматты түрде бір жүйеге беріледі. Мұндай өтінімдерді тезірек өңдей алатын сақтандыру
компаниялары деректерге қол жеткізе алады. Бұл ретте зардап шеккен тарап сақтандыру төлемін алуға өтінім беру үшін құжаттардың стандартты жиынтығын жинаудан босатылады. Яғни, әр есікті қағып, қағаз жинаудан құтыласыз. Өтінім мақұлданған жағдайда төлемдер орта есеппен 6 күн ішінде көлік иесінің есепшотына түседі.
Қарапайым тілмен айтқанда, жеңіл-желпі жол-көлік оқиғасы орын алған жағдайда құзырлы орындарға арыздануға асықпаңыз.
Бүлінген көлік шығынының 369  мың теңгеден аспайтынына көзіңіз жетсе, қолыңыздағы смартфонның көмегіне жүгінген абзал. Бастысы,
екі жүргізуші бір-біріне шағымданбай, көлік оқиғасына себеп болған азамат өз кінәсін мойындаса болғаны.
Қалғанын автоматтанған жүйе өзі реттеп береді. Айта кетейік, «Еурохаттама» мобильдік қосымшасын App Store және Google Play-дан жүктеп алуға болады.
Иә, ақпараттық технология қарыштап дамыған уақытта интернетті игілігімізге икемдеп, заман талабына сай жұмысымызды жеңілдете түсейік.

Айсұлу АЛДАНАЗАР
30 шілде 2024 ж. 196 0