№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Кассациялық сот – ашықтыққа негіз қалайды

Кассациялық сот – ашықтыққа негіз қалайды


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өткен жылдың қыркүйек айында отандық бизнес өкілдерімен кездесуде азаматтардың құқықтарын сапалы қорғауды қамтамасыз ету үшін жекелеген кассациялық соттар құрудың маңыздылығы туралы айтқан еді. Сәйкесінше, өзгерістер 2025 жылдың 1 шілдесінен бастап енгізіледі деп жоспарланып отыр. Сот саласындағы тың өзгерістер жайында Жаңақорған аудандық сот төрағасының міндетін атқарушы Эльдар Рысқұловпен сұхбаттасқан едік.
– Эльдар Ескендірұлы, жалпы кассациялық сот дегеніміз не?
– Кассация сөзі латын тілінен аударғанда жою, бұзу деген мағынаны білдіреді. Аты айтып тұрғандай, кассациялық сот арқылы соттың әлі заңды күшіне енбеген шешімдері мен үкімдері, ұйғарымдары мен қаулылары жөнінде жоғары тұрған сотқа шағымдану, наразылық білдіруге болады. Сондай-ақ соттың әлі заңды күшіне енбеген шешімдері мен үкімдерінің заңдылығы мен негізділігін істе бар және қосымша ұсынылған материалдар бойынша жоғары тұрған соттың тексеруге құқы бар. Төменгі сатының заңдарды бұзуы немесе сот ісін жүргізу ережелерін сақтамауы себепті жоғары тұрған сатының сот шешімін қайта қарауы, оның күшін жоюы мүмкін. Кассацияны қарау кезінде істің мәніне қозғау салынбайды. Қарапайым тілмен түсіндіретін болсам, кассациялық сот - қандай да бір үкімнің заңдылығын қайта қарауға мүмкіндік беретін соттың бір түрі.
– Кассациялық шағым дегеніміз не?
– Қарапайым адамға бұл ұғым таңсық, яғни кассациялық шағымды берудің тәртібі мен ережелерін білмеуі мүмкін. Жалпы, кассация - екінші, кейде үшінші сатыдағы сот органына - арбитражға, федералдық, конституциялық немесе жоғары сатыдағы сотқа қайта шағымдану. Апелляциялық шағымдардан кейін соттың заңды күшіне енбеген шешімі қаралады және мұндай шағым үкім шыққаннан кейін 10 күннен кешіктірілмей берілуі мүмкін. Сот ісінен кейін алты ай ішінде кассациялық тәртіппен жоғары сатыдағы сотқа шағымдануға болады.
– Енді елде іс жүргізу түрлері бойынша тәуелсіз кассациялық соттардың құрылатыны түсінікті. Жоғары соттың рөлі өзгере ме?
– Жаңа түзетулерге сәйкес, жоғарғы соттың рөлі өзгереді. Сот төрелігін тек жергілікті және кассациялық соттар ғана жүзеге асырады. Жоғарғы соттың негізгі мақсаты сот тәжірибесін нақтылау және біркелкілігін қамтамасыз ету. Осыған байланысты Жоғарғы сот судьясының бастамасы бойынша жоғары сот органы жергілікті соттардың шешімдерін ерекше жағдайларда, мәселен, сот тәжірибесіне қайшы келетін шешімдер қабылданса және құқықты дамыту мүддесінде қайта қарауды талап етсе қайта қарайды. Мысалы, бұған дейін Жоғарғы соттың бір судьясы істі кассациялық сатыда қарау-қарамауды жеке дара шешіп келді. Ал, ел астанасында қылмыстық, азаматтық, әкімшілік істер бойынша кассациялық соттардың құрылуы қандай да бір үкімнің заңдылығын қайта қарауға мүмкіндік береді. Бұл өзгеріс «Қазақстанның сот жүйесі және судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Конституциялық заңы жобасында көрсетілген. 2024 жылдың 14 маусымында өткен Сенат пен Мәжілістің бірлескен отырысында депутаттар заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. – Сот саласындағы осындай өзгерістің негізгі мақсаты не?
– Конституциялық заң жобасының мақсаты – сот төрелігінің атқарылу сапасын, судьялар корпусының кәсіби біліктілігін, олардың жауапкершілігі мен тәуелсіздігін арттыруға бағытталған құқықтық тетіктерді жетілдіру арқылы сот жүйесін одан әрі дамытуды көздейді. – Кассациялық сот қайда, қашан құрылады?
– Кассациялық соттар 2025 жылдан бастап Астана қаласында құрылады. Жалпы кассациялық соттарды құру мәселесі сот саласының ортасында ғана емес, қоғамда талқыланып жатыр. Өз кезегінде тәуелсіз кассациялық сот құру сот төрелігінің сапасын және азаматтардың жалпы соттарға деген сенімін арттыруға ықпал етеді. Сондай-ақ кассациялық сотты тәжірибеге енгізу сотқа кететін қаржыға нұқсан келтірмей, азаматтардың ұсыныс-талабын ескере отырып шешім шығаруға жол ашады. Астана қаласында азаматтық, қылмыстық және әкімшілік істер бойынша үш жеке кассациялық сот инстанциясы құрылады. Ең бастысы, бұл кассациялық орган толық тәуелсіз болады. Істердің барлық санаттары бойынша арыздарды кассациялық сатыда алдын ала қарау сатысы алынып тасталуы да басты мәселе болып отыр. Себебі, бүгінге дейін істерді бір судьяның қарап пайымдауымен алқа қарауына жіберілмей келгені белгілі. Бұл азаматтар мен кәсіпкерлердің заңды ренішін туындатқан еді. Сонымен қоса, адвокаттар қауымы барлық санаттағы істерді қарауға тараптар міндетті түрде қатысуы керек әрі істі алқалы құрам жүргізуі тиіс деген ұсыныстарын алға тартып отыр.
– Сұхбатыңызға рақмет.

Айсұлу Алданаза
13 шілде 2024 ж. 179 0