№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Кассациялық сот – әділдіктің негізі

Кассациялық сот – әділдіктің негізі


Жуырда Жаңақорған аудандық сотының ұйымдастыруымен өткен дөңгелек үстелде «Азаматтардың құқықтарын сапалы қорғауды қамтамасыз ету үшін жекелеген кассациялық соттар құрудың маңыздылығы туралы» талқыланды.


Жаңақорған аудандық сот төрағасының міндетін атқарушы Элдар Рысқұлов төрағалық еткен алқалы жиынға аудандық соттың судьясы Б.Пазылов, аудан прокурорының көмекшісі Б.Байсбаев, аудандық полиция бөлімі бастығының тергеу жөніндегі орынбасары Ә.Нұрсұлтан, билер кеңесінің мүшесі А.Баймұратов, заң кеңес беру бөлімінің адвокаттары А.Сансызбаев, Г.Жусупалиева, аудандық нотариустар Ә.Алайдаров, Т.Ержанов, А.Жәнібеков қатысып өз ойларын ортаға салды.
- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өткен жылдың қыркүйек айында отандық бизнес өкілдерімен кездесу барысында азаматтардың құқықтарын сапалы қорғауды қамтамасыз ету үшін жекелеген кассациялық соттар құрудың маңыздылығы туралы атап өтті, - деді Элдар Рысқұлов.
Оның айтуынша, кассациялық соттар Астана қаласында 2025 жылдан бастап құрылады. Жалпы, кассациялық соттарды құру мәселесі сот саласының ортасында ғана емес, қоғамда талқыланып жатыр. Өз кезегінде тәуелсіз кассациялық сот құру сот төрелігінің сапасын және азаматтардың жалпы соттарға деген сенім деңгейін арттыруға ықпал етеді. Сондай-ақ кассациялық сотты тәжірибеге енгізу сотқа кететін қаржыға нұқсан келтірмей, азаматтардың ұсыныс-талабын ескере отырып шешім шығаруға жол ашады.
Айта кетейік, Астана қаласында азаматтық, қылмыстық және әкімшілік істер бойынша үш жеке кассациялық сот инстанциясы құрылады. Ең бастысы, бұл кассациялық орган толық тәуелсіз болады. Сонымен бірге істердің барлық санаттары бойынша арыздарды кассациялық сатыда алдын ала қарау сатысы алынып тасталуы да басты мәселе. Себебі, бүгінге дейін істерді бір судьяның қарап, пайымдауымен алқа қарауына жіберілмей келгені белгілі. Бұл азаматтар мен кәсіпкерлердің заңды ренішін туындатқан еді. Сонымен қоса, адвокаттар қауымы барлық санаттағы істерді қарауға тараптар міндетті түрде қатысуы керек, әрі істі алқалы құрам жүргізуі тиіс деген ұсыныстарын алға тартып отырса керек.
Жиын соңында кассациялық соттың мәртебесі мен маңыздылығын тұрғындар арасында кеңінен насихаттаудың маңыздылығы түсіндірілді.

Айсұлу Алданазар
15 маусым 2024 ж. 502 0