№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Аудандық сот алты айды түйіндеді

Аудандық сот алты айды түйіндеді


Аудандық сот өндірісінде 2024 жылдың алғашқы 6 айында барлығы 31 адамға қатысты 20 қылмыстық іс, 27 азаматтық іс, 404 талап қою арызы, 23 әкімшілік талап қою арызы, 472 тұлғаға қатысты 473 әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралып, аяқталған. Енді осы істер бойынша жеке-жеке талдап шықсақ. Қылмыстық іс өткен жылмен салыстырғанда 9-ға кеміген.
Есепті мерзімде сот өндірісіне 31 адамға қатысты 20 іс түскен, 33 адамға қатысты 4 қылмыстық іс өткен жылдан қалдыққа қалған, яғни сот өндірісінде барлығы 64 адам жөнінде 24 іс қаралған. Ал, 50 азаматқа байланысты 20 қылмыстық іс аяқталып, 4 қылмыстық іс келесі есептік кезеңге қалды. Аяқталған 20 қылмыстық істің ішінде 42 адамға қатысты айыптау үкімі шығарылып, 8 адамға қатысты 5 қылмыстық іс медиация заңымен тоқтатылған. Есірткі заттардың заңсыз айналымына байланысты 1-теріс қылық қылмыстық іс қаралып, аяқталған.
Ал сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық санатында 1 іс қаралып, 26 адамға қатысты қылмыстық іс қаралып аяқталған. Осы 6 айда 6 жекеше қаулы шығарылған. Тоқтатылған, ҚР «Медиация туралы» Заңы қолданылып қаралған 5 қылмыстық іс болған.
Сонымен қатар, аяқталған 20 істің 10-ы қысқартылған тәртіппен қаралып, қаралған істердің 50 пайызын құрап отыр. – Жалпы процессуалдық мерзімдері бұзылған, яғни 6-айдан астам қаралған қылмыстық істер болмаған. Есепті кезеңде 9 қылмыстық іс бойынша апелляциялық шағым түсіп, барлығы апелляциялық сатыда қаралып, сот үкімдері өзгеріссіз қалған. Сондай-ақ, тергеу судьясымен ҚПК-нің 55 бабына сәйкес, барлығы 80 өтінішхат қаралып, 78-і қанағаттандырылған. Олардың санаттарына тоқталар болсақ, күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын қолдану бойынша - 12, үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасын қолдану - 6, қарау жүргізу-1, тінту-1, алуды санкциялау жөнінде - 47, кәмелетке толмағандардың жауабын сақтап қою - 2, соттың санкциясынсыз тінтудің заңдылығы жайлы – 10, соттың санкциясынсыз жеке тінтудің заңдылығы жайлы- 1, тергеу органдарының әрекеттеріне жасалған шағымдар бойынша 1 материал қаралды.
Сонымен қатар, осы мезгілде Жаңақорған аудандық пробация қызметінен 17-материал түсіп, 14-қаралып, 3-уі келесі есептік кезеңге қалды. Ал азаматтық істер бойынша барлығы 404 талап қою арызы түскен, оның 52-сі өткен есепті уақыттан қалып, 27 азаматтық іс жаңадан түскен. Ал, талап қою арызы бойынша 345 азаматтық іс қозғалып, соттың өндірісіне қабылданып, оның ішінде қаралу барысында 29 іс бойынша сот бұйрығы, 240 іс бойынша шешім шығарылып, өткен жылмен салыстырғанда 19,6% өсіп отыр. Сот бұйрығы 2023 жылмен салыстырғанда 70-ке, яғни 58,6 пайызға аз. Сонымен қоса, 21 іс бойынша талап қою арызы қараусыз қалдырылып, 113 азаматтық іс тоқтатылған. Соттылығы бойынша 3 азаматтық іс қаралған. Барлығы 406 азаматтық іс аяқталып, өткен жылмен салыстырғанда аяқталған іс саны 38 іске, яғни 9,4 пайызға өсті, – дейді сот төрағасының міндетін атқарушы Эльдар Ескендірұлы.
Әкімшілік істер бойынша сотқа барлығы 23 әкімшілік іс түсіп, оның 4-уі кері қайтарылған. Қаралу барысында 20 іс аяқталып, 1 әкімшілік іске шешім шығарылып, 14 әкімшілік іс тоқтатылған, оның ішінде Қазақстан Республикасы «Медиация туралы» Заңын қолданып 14 азаматтық іс тоқтатылып, 1 әкімшілік іс соттылығы бойынша жолданған.
Сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық істері бойынша 473 әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс түсіп, 463 іс қаралып, 9 іс келесі есептік мерзімге қалды. Оның ішінде 374 іс бойынша әкімшілік жаза қолдану туралы қаулы шығарылып, 89 іс тоқтатылған. Тоқтатылған істер бойынша 89 әкімшілік іс тараптардың татуласуына байланысты, медиация заңы қолданып, ӘҚБтК-ің 64 бабына сәйкес, 6 әкімшілік іс әкiмшiлiк құқық бұзушылық құрамының болмауынан, 2 іс құқық бұзушылықтың маңызы болмашы болуына байланысты аяқталса, әкiмшiлiк жауаптылыққа тартудың ескіру мерзiмдерi өтіп кетуінен ӘҚБтК-нің 741 бабының 1 бөлігінің 5 тармағына сәйкес 1 іс тоқтатылған. Әкімшілік жаза тағайындалған істер бойынша негізгі жаза ретінде 213 адамға әкімшілік айыппұл салынып, 111 адам әкімшілік қамаққа алынса, 11 адам арнайы көлік жүргізу құқығынан айырылып, 39 адамға ескерту жасалған.
– Әкімшілік құқық бұзушылық істер бойынша салынған айыппұл сомасы 7 188 303 теңгені құрап отыр. Оның 3 650 282 теңгесін айыптылар өз еркімен төледі. Сонымен қатар, қаралған әкімшілік құқық бұзушылық істер бойынша 5 апелляциялық шағым түсіп, 1 апелляциялық шағым беру мерзімі өтуіне байланысты кері қайтарылып, 3 апелляциялық шағымның қаулылары өзгеріссіз қалса, 1 апелляциялық шағымның қаулысы өзгерді.
Айта кетейік, бүгінде аудандық сотта соңғы өзгерістерге сәйкес сот жүйесін жаңғырту аясында тараптарға смартфонға жүктелген, «TrueConf» қосымшасы көмегімен қашықтан сот отырысына келмейақ, бейнебайланыс арқылы қатысуға мүмкіндік беретін «SMART сот» пилоттық жобасы нәтижелі жұмыс жасауда, – деді Э.Рысқұлов.
Ол баспасөз конференциясын қорытындылай келе, алдағы уақытта да сот төрелігінің сапасын арттыруға, сот жүйесін нығайтуға қатысты барлық шара қолданылатынын жеткізді. Біздің түйгеніміз, сот жүйесі тиімді жаңғыртылуда, бірақ тәртіпсіздікті құрықтау жолында қоғам болып атсалысуға мүдделі болуымыз қажет.

А.Алданазар
13 шілде 2024 ж. 170 0