№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Салықтан жалтару – ар-ожданға сын

Салықтан жалтару – ар-ожданға сын

Сейсенбі күні өткен әкімдік мәжілісінде аудан басшысы Мажит Самитұлы күн тәртібіне қойылған «Аудан бойынша бюджет кірістерінің орындалуы, кіріс көздерін кеңейту, салық болжамын ұлғайту туралы» хабарлама жасау үшін Жаңақорған ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Қалдыбек Мұсаевқа сөз берді.
– 2024 жылдың алты айында мемлекеттік бюджет жоспары 37 260 483,8 мың теңге, түскен түсім – 39 187 051 теңге болып, жоспар 105,2 пайызға, яғни бекітілген болжам 1 926 567,2 мың теңгеге артық орындалды. Бұл былтырғы жылдың алты айымен салыстырғанда 144,2 пайызға артық, – деді ол.
Хабарламашы одан әрі Жаңақорған ауданы бойынша 468 заңды тұлға, 5233 дара кәсіпкер, 1111 шаруа қожалығы заңды тіркелгенін, қосылған құн салығын төлеушілер 123, оның ішінде 80 заңды тұлға, 43 дара кәсіпкер бар екенін айтты. Одан әрі шағын және орта бизнес субьектілерінің салық төлеу заңдылықтары мен ережелерін бұзған, банкрот, жұмысын уақытша тоқтатқан, жабылу жағдайында тұрған салық төлеушілер, сонымен қатар салық есептілігін 0-дік көрсеткішпен тапсырған селолық тұтыну кооперативтері, несие серіктестіктері, және жұмыс жасамай тұрған ЖШСлар туралы хабардар етті.
Сонымен қатар жұмыс жасап тұрған 1 мектеп және 6 балабақшаның салық есептілігін 0-дік көрсеткішпен тапсырғаны, олармен тиісті жұмыс жүргізіліп жатқанын айтты. Ауданда уран өндірумен айналысатын 4 ірі өндіріс орны бар. Олар: «Байкен-У», «Хорасан-У», «Қызылқұм» және «СКЗ-У» ЖШС мекемелері. Биыл аудандық бюджетке түскен 2938 582 мың түсімнің 39 пайызы осы өндіріс орындарының үлесінде екенін де айтып өтті. Хабарламашы одан әрі Салық базасын ұлғайту бағытындағы шараларға тоқталды.
Жалпы соңғы үш жылдың ішінде өңір экономикасының көлемі өсіп, әлеуметтік салаға қолдау еселене түсті. Жалпы облыста барлық саламен салыстырсақ дамудың оң динамикасы қалыптасып келеді. Өңірдегі мұнай қорының сарқылуы салдарынан кейінгі 10 жыл бойы төмендеу тенденция­ сы байқалғанымен, өнеркәсіп өндірісі өткен жылдың қыркүйек айынан бері жақсы нтәиже көрсетуде. Өсім өңдеу өнеркәсібі есебінен қалыптасты. Сала­ дағы өсу қарқыны бойынша 2022 жы­ лы Қызылорда облысы республикада 11-орында болған еді. Өткен жылдан бері алғашқы үштікке енгені сүйіншіленуде. Тағы бір белестің бірі инвестиция көлемі де соңғы 2-3 жылдың ішінде артып, аймақ дамуына үлкен дем берді.
– Биылғы жылдың 6 айында негіз­ гі капиталға тартылған инвестиция көлемі өткен жылдың есепті кезеңі­ мен салыстырғанда 41,4 пайыз артты. Кәсіпкерлікті қолдауға соңғы екі жылда 127 млрд 500 млн теңге беріліп, 12 мыңнан астам жобаға қаржы тартыл­ ды. Оның 25 млрд 100 млн теңгесі мемлекеттік бағдарлама аясында қолдау тапты. Биыл екінші деңгейлі банктер мен қаржы ұйымдары арқылы 3 мыңға жуық жоба қаржыландырылды. Ауыл шаруашылығы саласына кейінгі екі жылда 20 млрд 300 млн теңгеден астам инвестиция тартылды. Жыл басынан бері 6 айда саладағы негізгі капиталға 3 млрд 300 млн теңге инвестиция салынды. Биыл бюджеттен тұрғын үй құрылысына және жеке салушылардан дайын пәтерлер сатып алуға 34 млрд 100 млн теңге қаралды. Жыл қорытындысымен 2,5 мыңнан астам пәтер пайдалануға беріледі. Аймақта 43 млрд теңгеге 300 шақырымнан астам жол жөнделеді. Жыл аяғына дейін жақсы жағдайдағы жолдар үлесі 92 пайыздан асады. Электр энергиясымен қамту бағытында 11 млрд теңгеге 38 жоба жүзеге асырылуда. Нәтижесінде желілердің тозу деңгейі 62 пайызға төмендейді. Тұрғындарды газбен қамту көрсеткіші 78 пайызға жеткізіледі. Облыс халқының 98,4 пайызы орталықтандырылған ауызсумен қамтылған, – деді Нұрлыбек Машбекұлы.
Инвестиция тарту жөнін Жаңақорған ауданы облыс көлемінде үздіктер көшінде келеді. Әсіресе, ауылшаруашылығы саласына салынған инвестиция аудан әлеуетін көтеріп тұрғаны жасырын емес. Жыл соңына дейін де өзге салаларға тартылатын қаржы көлемі бары белгілі, бұл да аудан экономикасын едәуір серпін береді. Биыл «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 10 мектептің құрылысы жүргізіліп жатса, соның екеуі біздің ауданда. Қос құрылыс жаңа оқу жылына дейін аяқталып, оқушылар білім алатын болады. Одан бөлек, қаншама әлеуметтік нысандардың құрылыс жүргізілуде. Облыс орталығында, одан бері аудандарда салынып жатқан әлеуметтік сала ғимараттары жыл соңына дейін аяқталып, ел иглігін көретін болады. Жалпы облыс әкімі атқарылып жатқан жұмыстардың есебін және алдағы жобаларды да жүйелеп, нақты мәлімдеме жасады.
Мәслихат сессиясында ҚР Парламенті Сенатының депутаты Руслан Рүстемов аймақ дамуында оң өзгерістер қалыптасып отырғанын атап өтіп, оң озық саланы саралап берді. Өңірде инфрақұрылымды дамыту, білім және денсаулық сақтау, әлеуметтік салаларда байыпты бастама, жарқын істер байқалып отыр. Сенат депутаты Наурызбай Байқадамов та аймақтың әлеуметтік-экономикалық даму көрсет­ кішін жоғары бағалады. Әрбір жоба­ ның халықтың игілігі, өңірдің дамуы үшін байыпты жүргізілуі үлкен еңбекті көрсетеді.
Сонымен қатар мәслихат сессиясында 2023 жылдарға арналған облыстық бюджеттің атқарылуы жөніндегі есепті бекіту, «2024-2026 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» облыстық мәслихаттың 2023 жылғы 13 желтоқсандағы №63 шешіміне өзгерістер енгізу, Қызылорда облысындағы қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандырудың қағидаларын бекіту және өзге де мәселелер депутаттар талқылауына ұсынылып, тиісті шешімдер қабылданды.

Баян ҮСЕЙІНОВА

27 шілде 2024 ж. 216 0