№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Апат айтып келмейді

Апат айтып келмейді

Күн аптап ыстық, түскі сәт. Осындай мезгілде біздің баратын жеріміз ауыл шетіндегі каналдар болатын. Бұл каналдар бала кездің естен кетпес естелігіндей жадымызда сақталып қалды. Мектеп бітіріп, үлкен өмірге қадам басқанға дейін, одан кейін де аядай көлдер қажетімізге жарап тұрды. Бүгінгідей бассейін жоқтың қасы, тек ірі мегаполистерде болмаса, аудан орталығында мүлдем ізі де көрінбейтін. Ержете келе дарияға баруды да әдетке айналдырдық. Сонда үлкендер айтатын еді, дария өзінікін міндетті түрде алатыны бар, абайлаңдар деп. Біз бұл сөздің мағынасын кейін түсіндік. Сол өзіміздің өзен қаншама жастың өмірін қиды. Баладан бозбалаға дейін қаншама жас қыршынынан қиылды. Мұның барлығы тағдырдың жазуы дейміз, бірақ су тілсіз жау екенін ұмытпайық. «Сақтықта қорлық жоқ» дегенді де ұмытып кетіп жатамыз.
От пен судан келетін қауіп-қатердің зардабы үлкен шығынға соқтырады. Су айдындарында, әсіресе Сырдария өзені мен каналдарда жыл сайын азаматтардың әртіүрлі себептермен қайғылы жағдайларға ұшырауы, оның ішінде жазғы айларда суға шомылу маусымында судағы адам қазасының көбеюі өзекті мәселеге айналғанын жауапты сала мамандары растады. Статистикалық мәлімет бойынша, соңғы 5 жылда аудан аумағында су айдындарында 21 адам қаза болған, оның 10-ы жасөспірім бала.
– Шыны керек, суға түсу маусымында түсіндірме жұмысын жиілетіп, сақтық шараларына аса мән бергенімізбен дерек азаймай тұр. Салдары өзекті өртейтін өкініштерге әкеліп соқтыруда. Соңғы бес жылдағы су айдындарында орын алған төтенше жағдайлардың 3-уі Сырдария өзенінде, 2-і Көктөбе ауылындағы Келінтөбе магистралды каналында, 2-уі Төменарық ауылындағы Сунақата шаруашылық аралық каналында, 4-уі егістікке су апаратын каналдарда, қалғаны арықтар мен көлдерде орын алды. Өкініштісі, ағымдағы жылдың 21 мамырында Қожамберді ауылынан 2 шақырым жердегі егістікке су жіберетін «М-2» каналына жасөспірім суға кетіп қаза болды. Су айдындарында қаза болудың негізгі себептері: азаматтардың тиым салынған жерлерде суға шомылуы, су жағалауларына ішімдік ішіп барып шомылуы, балалардың ересектердің бақылауынсыз су айдындарына баруынан орын алуда, – деді төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Берікбай Омаров.
Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті төрағасының орынбасары Ақылбек Ахметжанов шомылу маусымы жайлы баяндаған болатын. Оның айтуынша, шомылу маусымының басталуымен суға батып қаза болғандардың 15 пайызы немесе 10 жағдай Алматы, Манғыстау, Абай, Ақтөбе, Павлодар облыстарында тіркелген. Ал 85 пайызы немесе 54 жағдай рұқсат берілмеген, қауіпсіздік қамтамасыз етілмеген су көздерінде болып отыр. Оның айтуынша, жыл басынан бастап патрульдеу барысында 131 адам құтқарылды, олардың ішінде 35 бала бар. – Бүгінгі таңда елімізде 85 мыңнан астам өзен мен 48 мың көл бар. Оларды азаматтар шомылу, демалу және балық аулау үшін пайдаланады. Онда әкімдердің шешімдерімен бекітілген 708 рұқсат етілген жаппай демалыс, туризм мен спорт орындары жабдықталған. Оның ішінде 167-і коммуналдық және 425-сі жеке жағажайлар, қалған 116-сы спорт пен туристік мақсаттарға арналған. Атқарылған кешенді жұмыстардың арқасында жыл сайын суға батып мерт болғандар саны азайып келеді. Дейтұрғанмен, әрбір құрғақ статистиканың артында адам өмірі және жақындарының қайғысы тұрғанын ұмытпауымыз керек. Соңғы 10 жылда екі мыңнан астам адамның өмірі судан қиылып отыр», – деді ол.
Ахметжановтың дерегінше, биылғы шомылу маусымы басталғаннан бері, яғни 1 маусым мен 9 шілде аралығында 64 адам суға кетті, оның ішінде 28 бала бар. 2023 жылы осыған ұқсас кезеңде 76 адам суға батты, оның ішінде 21 бала болды. Осылайша, адам өлімі 16%-ға, балалар өлімі 33%-ға өскен. Адамдардың суда көз жұму жағдайлары негізінен балаларды қараусыз қалдыру, балық аулау, мас күйінде жүзу және жүзе алмау салдарынан болады. Иә, бір үй қара жамылып, бірі ұлынан, енді бірі әкесінен, бауырынан қапада айырылып қалу өте ауыр жағдай. Айтпасқа тағы болмас, бірер күн бұрын тағы бір замандасымыз суға кетіп, әлі де хабар-ошарсыз. Ешкімнің басына салмасын дейміз, бірақ табиғаттың тосын мінезіне адам баласының шамасы қайдан келсін. Балық аулау мен суға шомылуды мақсат ететін тұрғындарға төтенше қызметкерлері жиі ескертіп, тіпті айыппұл да салып жатыр. «Жаңақорған ауданының азаматтық қорғау органы және аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерімен ағымдағы жылдың 15 мамырынан бастап күнделікті сағат 14.00-ден - 21.00- ге дейінгі аралықта, Сырдария өзені мен кент ішіндегі су айдындарына рейдке шығуда.
Рейд барасында су айдындарыдығы қауіпсіздік қағидаларын бұзған, белгіленбеген орындарға суға шомылған азаматтарға Қазақстан Республикасының әкімішілік құқық бұзыушылық туралы кодексінің 412 бабы бойынша 2 жеке тұрғаға 25844 теңге айыппұл салынса, 364 бабының 1 бөлігімен 7 жеке тұлға «Ескерту» түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды» – деді бөлім бастығы. Қаншама ескертулер мен түсіндірме жұмыстары жүргізілуде, айыппұл арқалағандар да жоқ емес. Жиі ақпарат беріп, жазылып та жатыр. Бірақ дария маңын торуылдаудан тыйылмай келеміз.

Әли ТЕМІРБЕК
23 шілде 2024 ж. 448 0