№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Апат айтып келмейді

Апат айтып келмейді


Мамыр айы шомылатын мезгіл. Енді жасөспірім мен жастар көлдер мен каналдарды жағалап кететіні белгілі. Тіпті, Сырдария өзенін жағалайтындар аз емес. Алайда, олардың арасында суға жақсы жүзетіндер, енді үйреніп жатқандары болады. Мұндайда қауіпсіздік шараларын арттырмаса болмайды. Аудандық төтенше жағдайлар бөлімі осы мәселеге мейлінше сақ болуға шақырады.

Суда адамдардың қаза болуының негізгі себебі қауіпсіздік ережелерін өрескел бұзылуында. Өзен немесе каналдардың кез-келген, әрі зерттелмеген жерлеріне түсуі, спирттік ішімдік ішіп түсу, балалардың ересектерден бақылаусыз су жағасына түсуі және олардың жүзе білмегендігі қайғылы оқиғаларға әкеп соқтыруда. Оған аудан аумағында адамдар суға түсуге арналған белгіленген орындар жоқтығы да әсер етуде.
Төтенше жағдайлар бөлімі, өрт сөндіру бөлімі және Полиция бөлімі қызметкерлерімен аудан көлемінде күнделікті су айдындарына рейдтік жұмыстар ұйымдастырылады. Су айдындарындағы қағидаларды бұзған жеке тұлғаға ҚР әкімшілік-құқық бұзушылық Кодексінің 364 бабының 1 бөлімімен әкімшілік шара қолданылады.
Қазіргі таңда аудан аумағындағы су айдындарының ішіндегі ең қауіптісі Сырдария өзенінің ескі пантон тұсындағы жерлер. Сырдария өзенің жағасы тік жарлы болып келеді. Соның салдарынан адамдардың өзен жағасында суға кету фактісі жиі кездеседі. Сонымен қатар суы қыс айларында таудан келген қарғын суларымен толығып отыратын көлде де үлкен қауіпті орындардың біріне айналды.
Апат айтып келмейді, сондықтан қан­дай жағдай болмасын су айдындарында абай болған жөн. Себебі, жылда судан келетін қауіп тыйылар емес.
20 сәуір 2022 ж. 358 0