«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Инвестиция – өңір экономикасының өзегі

Инвестиция – өңір экономикасының өзегі


Соңғы дерек көздеріне сүйенсек, біздің ел инвестиция тарту жөнінен әлемдік рейтингте үздік ондыққа енеді. Жақсы көрсеткіш нәтижесінде өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және өзге де салалар өркендеп келеді. Технология мен жаңа жобалар жүзеге асып, бәсекелестік орта қалыптасып, жас мамандар жетіле түсуде. Мұның ішінде шетелдік инвесторлардың да үлесі айтарлықтай. Дегенмен, туған жердің төл перзенттерінің атақоныстан алыстамай, қазынаға қаржы құйып жүргені қуантады. Осы бағытты күшейтуге Мемлекет басшысы бағыт беріп, нақты жұмыста жүйеледі. Аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев та бұл салаға аса мән беріп, айқын міндеттер жүктеп келеді.
Инвестиция көлемін кеңейту үшін Үкімет мемлекет пен бизнестің қарым-қатынасын қайта қарауға мүмкіндік беретін жаңа Салық кодексін әзірледі. Салық жүйесін жетілдіргенде тек төлем жинау тәсілімен шектеліп қалмау өте маңызды. Бір жағынан, инвесторларға қолайлы жағдай жасау керек, екінші жағынан, бюджет кірісінің азайып кетпеуіне мән берген жөн екенін айтты. Яғни таразы басын тең ұстау қажет екенін ескертті.
Біздің елдің көшінде былтыр Қызылорда облысына 400 млрд теңгеден астам инвестиция тартылып, осы көрсеткіш бойынша өңір еліміздегі үздіктер қатарынан көрінді. Өңірде шикізатқа тәуелділікті азайту үшін экономиканы әртараптандыруға бағытталған жобаларды іске асыру жалғасады. Атап айтқанда, индустрияландыру аясында өңірде құны 607,7 млрд теңгені құрайтын 34 жоба жүзеге асырылуда. Бұл жобалар 6,3 мың адамды жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жалпыұлттық бірыңғай жобалар пулы қалыптасып, оған құны 907 млрд. теңгеден асатын 36 жоба енгізілген. Өткен жылы құны 5,1 млрд теңге болатын 4 жоба іске қосылған. Биыл Сыр өңірінде құны 13,4 млрд теңгенің 9 жобасы жүзеге асырылады.
Бұл өңірге инвестиция тарту қарқынын арттыруға мүмкіндік береді. Сол секілді, біздің ауданда да қалталы азаматтар туған мекенге бет бұра бастады. Бірақ саусақпен санарлықтай ғана. Жалпы бұл бағыт бойынша 2023 жылы атқарылған жұмыс аз емес. Ауданда жалпы құны 38 млрд теңгені құрайтын 10 ірі жоба жүзеге асырылған. Әсіресе ауыл шаруашылығы саласында мол жетістіктерді иелендік. 2023 жылы негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 60 млрд-қа жетіп, өткен жылдағыдан 120 пайызға артық орындалды. Салықтық түсімдер 108,3 пайызға артық орындалып, бюджеттің шығыстары 100 пайызға жеткен. Ауданның тек егін және мал шаруашылығы ғана емес, өнеркәсіпті өңір ретінде де әлеуеті басым. Бірнеше өндіріс орындары тұрақты жұмыс істеп тұр. Инфрақұрылым мәселесі де рет-ретімен шешімін тауып келеді. Мәдениет, спорт, өнеркәсіп пен өңдеу саласына инвестиция келе бастады.
Қазір бізге аграрлы салаға инвестиция көбірек керек. Әсіресе, егін шаруасына инвесторларды тартып, аудандағы бақша, көкөніс өнімдерін импорттауды азайтып, қайта экспорт көлемін кеңейту маңызды. Бұл оңай шаруа емес, дегенмен, шағын кәсіптің көсегесін кеңейтудің бұл да бір тетігі. Биыл томат пастасын өндіретін зауыт салынады деген жоба бар. Егер жоба сәтті жүзе асса онда аудандағы шаруалар қызанақ егудің көлемін ұлғайтып, шикізатпен толықтай қамтамасыз етуге қауқарлық танытар еді. Одан бөлек, қарбыз сусынын шығару бастамасы қолға алынса, кәсіп иелері экспортқа жүгінбей өнімді өзімізде қалдыратын еді. Инвестиция тарту нәтижесінде ашылған әрбір кәсіпорын немесе өндіріс жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтуға септігін тигізері анық. Бұған қоса жүзеге асырылып жатқан түрлі бағдарламалардың жұмыссыздықпен күресте алар орны ерекше. Айналып келгенде, шағын кәсіптің көкжиегі кеңейіп, тұрақты жұмыс орындары қалыптасуда. Қалай дегенмен де бұл көрсеткішті арттыруда үлкен жауапкершілік күтіп тұр. Мемлекет басшысы квазимемлекеттік сектордың тиімділігін арттыруға көп көңіл бөлу қажеттігін айтты. Қазір бұл секторды жаңғырту шаралары айқындалып, іске асырылып жатыр.
Десе де, Президент әлемдегі экономикалық жағдай елдің экономикалық өсім көрсеткішіне салқынын тигізбей қоймайтынын атап өтті. Қалғаны уақыт еншісінде.

Әлібек ЖАРЫҚБАЕВА
16 шілде 2024 ж. 170 0