Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Инвестицтия–өңір өркендеуінің өзегі

Инвестицтия–өңір өркендеуінің өзегі



Соңғы мәліметтерге сүйенсек, біздің ел инвестиция тарту жөнінен әлемдік рейтингте үздік ондыққа енді. Жақсы көрсеткіш нәтижесінде өнеркәсіп, ауылшаруашылығы және өзге де салалар өркендеп келеді. Технология мен жаңа жобалар жүзеге асып, бәсекелестік орта қалыптасып, жас мамандар өсіп келеді. Мұның ішінде шет елдік инвесторлардың да үлесі айтарлықтай. Дегенмен, туған жердің төл перзенттерінің атақоныстан алыстамай, қазынаға қаржы құйып жүргені қуантады. Осы бағытты күшейтуге Мемлекет басшысы тапсырыс беріп, нақты бағытты жүйеледі.
Тағы бір маңызды міндет – инвестиция тарту. Бұл міндетті орындауға жекешелендіру және активтерді қайтару науқандары да септігін тигізеді. Қомақты инвестиция болса, экономика қарқыны үдейе түседі және жаңа мүмкіндіктер пайда болады. Осы орайда мен жақында Инвестиция штабын құру туралы Жарлыққа қол қойдым. Бұл штабқа еліміздегі инвестициялық ахуалды жақсарту және инвестициялық жобаларды сапалы жүзеге асыру үшін ауқымды өкілеттік берілген.
Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы сұхбатынан үзінді. Яғни, инвестиция көлемін арттыру бағытында нақты міндеттер жүктеді. Ол үшін Үкімет мемлекет пен бизнестің қарымқатынасын қайта қарауға мүмкіндік беретін жаңа Салық кодексін әзірлеп жатыр. Салық жүйесін жетілдіргенде тек төлем жинау тәсілімен шектеліп қалмау өте маңызды. Бір жағынан, инвесторларға қолайлы жағдай жасау керектігін айтты. Екінші жағынан, бюджет кірісінің азайып кетпеуіне мән берген жөн деді. Яғни таразы басын тең ұстау қажет екенін ескертті. Тағы бір дерек, өткен жылдың қорытындысымен инвестиция көлемі бойынша Азия елдері жақсы көрсеткіш көрсеткен.
Соның ішінде Камбоджа көш бастады. Филиппин – екінші, Ирак – төртінші, Қазақстан – алтыншы, Әзірбайжан – жетінші, Үндістан – оныншы орынды иеленіпті. Жақсы нәтиже, ең бастысы инвестиция шағын және орта бизнестің алға басуына, ел әлеуетінің артуына әжептеуір үлес қосады. Біздің елдің көшінде Сыр өңірі үздік үштікке енгені белгілі. Былтыр инвесторлардың қолдауымен қаншама жобалар жүзеге асты. Бір ғана “Анаға тағзым” алаңының өзі өзгеге үлгі боларлықтай. Сол секілді, біздің ауданда да қалталы азаматтар туған мекенге бет бұра бастады. Бірақ саусақпен санарлықтай ғана. Соның ішінде Қожакент ауылынан Изатулла Үсеновті айтуға болады. Бір ауылға екі бірдей спорт кешенін салып берді. Одан бөлек қаншама игі істері бар, әсіресе, егін саласындағы еңбегін ерекше айтуға болады. Одан бөлек, басқа да азаматтар елде болса ерінге тиеді деп, қол ұшын созып келеді. Жалпы бұл бағыт бойынша 2023 жылы атқарылған жұмыс аз емес, аудан басшысының берген сұхбатынан үзінді келтірейік.

– Ауданда жалпы құны 38 млрд теңгені құрайтын 10 ірі жоба жүзеге асырылды. Әсіресе ауыл шаруашылығы саласында мол жетістіктерді иелендік. «Алтын дән» дала еңбеккерлерінің қорытынды шарасында Жаңақорған ауданы агроөнеркәсіп кешенін дамытуда ең жоғарғы көрсеткішке қол жеткізіп «Үздік аудан» атанды. 2023 жылдың 11 айында негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 50 млрд 376 млн теңгені құрады. Бұл өткен жылдағыдан 118 пайызға артық. Салықтық түсімдер 108,3 пайызға артық орындалып, бюджеттің шығыстары 100 пайызға орындалды. Ауданның тек егін және мал шаруашылығы ғана емес өнеркәсіпті өңір ретінде әлеуеті басым. Бірнеше өндіріс орындары тұрақты жұмыс істеп тұр. Инфрақұрылым мәселесі де рет-ретімен шешімін тауып келеді, – деді аудан әкімі Мұрат Жолкелдіұлы.

Мәдениет, спорт, өнеркәсіп пен өңдеу саласына инвестиция келе бастады. Қазір бізге керегі аграрлы салаға инвестиция көбірек керек. Әсіресе, егін шаруасына инвесторларды тартып, аудандағы бақша, көкөніс өнімдерін импорттауды азайтып, қайта экспорт көлемін кеңейту керек. Бұл оңай шаруа емес, дегенмен, шағын кәсіптің көсегесін кеңейтудің бұл да бір тетігі. Биыл томат пастасын өндіретін зауыт салынады деген жоба бар. Егер жоба сәтті жүзе асса, онда аудандағы шаруалар қызанақ егудің көлемін ұлғайтып, шикізатпен толықтай қамтамасыз етуге қауқарлық танытар еді. Одан бөлек, қарбыз сусынын шығару бастамасы қолға алынса, кәсіп иелерін экспортқа жүгінбей, өнімді өзімізде қалдыратын еді. Инвестиция тарту нәтижесінде ашылған әрбір кәсіпорын немесе өндіріс жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтуға септігін тигізері анық. Бұған қоса жүзеге асырылып жатқан түрлі бағдарламалардың жұмыссыздықпен күресте алар орны ерекше. Айналып келгенде шағын кәсіптің көкжиегі кеңейіп, тұрақты жұмыс орындары қалыптасуда. Бұл арнайы сала болмаса да, бұл бағытта атқарылып жатқан жұмыстар өте ауқымды. Ірі өндіріс орындары ішінде “Шалқия ЦИНК” ЛТД былтыр байыпты бастамаларын жүзеге асырды. Ол да аудан экономикасына оң септігін тигізуде.
Қалай дегенмен де бұл көрсеткішті арттыруда үлкен жауапкершілік күтіп тұр. Мемлекет басшысы квазимемлекеттік сектордың тиімділігін арттыруға көп көңіл бөлу қажеттігін айтты. Қазір бұл секторды жаңғырту шаралары айқындалып, іске асырылып жатыр. Десе де, Тоқаев әлемдегі экономикалық жағдай елдің экономикалық өсім көрсеткішіне салқынын тигізбей қоймайтынын атап өтті. Қалғанын уақыт өзі көрсетеді.

Әлібек Жарықбаев

13 қаңтар 2024 ж. 232 0