№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Инвестиция: Қызылорда облысы республика көлемінде бірінші орынға шықты

Инвестиция: Қызылорда облысы республика көлемінде бірінші орынға шықты



 Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев аймақтың Қоғамдың кеңесінің отырысына қатысып, 2022 жылдың қорытындылары мен алдағы уақыттағы міндеттері туралы баяндама жасады.
Аймақ басшысы өз сөзінде Қоғамдық кеңестер азаматтық қоғамның мүдделерін білдіретін, жұртшылықтың пікірін айтатын, атқарушы органдардың ашықтығын қамтамасыз етуге жәрдемдесетін белді және әлеуетті институтқа айналғанын атап өтті.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың, Үкімет деңгейіндегі жан-жақты қолдаудың және бірлескен жұмыстардың нәтижесінде Сыр елінде тың жобалар жүзеге асып, ауқымды инвестициялар тартылды. Тіректі салаларда серпінді қадамдар жасалды.
Облысымыз 2022 жылдың қорытындысымен әлеуметтік-экономикалық дамудың макрокөрсеткіштері бойынша республика өңірлері арасында жоғары орындарға көтерілді. Инвестиция тарту қарқыны бойынша республика көлемінде бірінші орынға шықты. Өткен жылы атқарылған жұмыстардың нәтижесінде инвестиция көлемі 2021 жылмен салыстырғанда 100,6 млрд. теңгеге артты.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Жалпыұлттық бірыңғай жобалар пулы қалыптасып, оған құны 877 млрд. теңгені құрайтын 30 жоба енгізілді. Өткен жылы құны 5,1 млрд. теңге болатын 4 жоба іске қосылса, биыл құны 13,4 млрд.теңгені құрайтын 9 жобаның іске қосылуы жоспарлануда», - деді Н.Нәлібаев.Аймақ басшысы шетелдік инвесторларды тарту бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілетінін айтты. Инвестиция тарту, тұрғын үй салу, инфрақұрылымды дамыту және әлеуметтік салада көптеген жобалар жүзеге асты. Мәселен, түрік инвесторлармен бірге жаңа жылу электр орталығы мен томат пастасын өндіретін ірі зауыт салынбақ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Өзбекстан Республикасына ресми сапары аясында көршілес елдің негізгі өндірістік орталықтарының бірі – Науаи облысымен бірлескен Жол картасына қол қойылды.
Сөзінің қорытындысында облыс әкімі алдағы Мәжіліс және барлық деңгейдегі мәслихат депуттарын сайлауда азаматтық қоғам өкілдеріне зор сенім артылатынын айтты. Халықтың ынтымағы мен бірлігіне селкеу түспеуі үшін күш-жігер біріктіруге, маңызды кезеңде шет қалмай, тарихи таңдау жасауға шақырды.
Жиында қоғамдық кеңес мүшелері бірқатар өзекті мәселе көтеріп, ұсыныс-пікірлерін ортаға салды. Атап айтқанда, өңірде жыраулық дәстүрді дәріптейтін музей салу, мүмкіндігі шектеулі жандарға қоғамдық көлікпен жүруге жеңілдік қарастыру, ауылдық елді мекендерді қаржыландыру және өз кәсібін бастайтын азаматтарды несиелендіру шарттарын оңтайландыру жөнінде ұсыныстар айтылды. Аймақ басшысы барлық ұсыныстар мұқият зерттеліп, бюджет мүмкіндігі мен заңнама талабына сәйкес тиімді шешім қарастырылатынын жеткізді.
05 наурыз 2023 ж. 373 0