№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Алғашқы тоқсан: барлық салада серпін бар

Алғашқы тоқсан: барлық салада серпін бар


Өнеркәсіп өнімінің көлемі, өңдеу өнеркәсібі, ауылшаруашылығы саласы, инвестиция, құрылыс қуаты, тұрғын үйді пайдалануға бер және бөлше сауда бойынша 2024 жылдың үш айында былтырғы жылмен салыстырғанда жақсы нәтиже көрсеттік. Былтырғы жылдан екі-үш есе аса нәтиже көрсету ауданның әлеуметтік және экономикалық өсімінің едәуір ұлғайғанын білдіреді. Әсіресе, ауданға салынған инвестиция мен құрылыс жұмыстары өте қарқын алып келеді. Бір сөзбен айтқанда, макроэкономикалық көрсеткіштер белгіленген межеден асты. Бұл туралы аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Алмас Оразбеков мәлімдеді.


Өткен апта соңында аудан әкімінің міндетін атқарушы Бекболат Шәріпбековтің төрағалығымен осы жылдың алғашқы тоқсанындағы ауданның әлеуметтік және эконмикалық дамуы туралы қорытынды жиын өтті. күн тәртібінде екі мәселе қаралды, бюждеттің атқарылуы мен кірістердің орындалуы туралы баяндалды.

– Бірқатар салалар бойынша Жаңақорған ауданы облыстың негізгі үлесін қамтамасыз етеді. Атап айтқанда, өнеркәсіп бойынша – 18,3 пайыз, өңдеу өнеркәсібінің көлемі – 35,5 пайыз, негізгі капиталға салынған инвестиция – 10,1 пайызға жетті. Жыл басынан бері өнеркәсіп өнімдерін өндіруде кәсіпорындар 49 млрд 671 млн теңгенің өнім өндіріп, нақты көлем индексі – 147 пайызды құрады. Ал, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері бойынша жұмыс жасап тұрғандардың үлесі 112,3 пайызды құрады. Сондай-ақ, биыл электр желілері қайта жаңғыртылуда. Әлеуметтік сала, оның ішінде, медицина, білім мен спорт және мәдениет саласында да ілгерілеу, даму қарқыны көңіл қуантады, – деді бөлім басшысы.

Баяндамадан экономикалық өсімнің барын байқадық, сол секілді демографиялық көрсеткіштер де көңіл қуантады. Жыл сайын көбеюі байқалады, өткен жылдың нәтижесінде аудан халқының саны 85 мыңға жуықтаған. Кенттің өзінде 40 мыңға жуық тұрғын тұрады. Шағын кәсіпкерлік күн санап қарыштап, аймақ бойынша қайтарымсыз қаржы мен несиені көп алғандар ішінде біздің ауданның үлесі басым тұрады. Грант алғандар ішінде шағын кәсібін дөңгелетіп отырған жастар қызметтік сервис ғана емес, дайын өнім өндіруде өзге аудандардан озды.
Келесі кезекте салық түсімдері талқыланды. Бөлім басшысы жалпы кірістер 105,3 пайызға, аудан бюджетінің өз кірістер 115,2 пайызға артық орындалғанын жеткізді. Салыққа жатпайтын түсімдер 77 млн 481 мыңға артығымен орындалған. Жалпы барлық салада серпін бар, бірақ салық жүйесінде ауылдық округтерде әлі де шикілік жетерлік. Бұл жөнінде Бекболат Жүнісәліұлы айтып, нақты міндеттер тапсырды. Былтыр да, биыл да ауылдардың кейбір салықтан түскен қаржысы аудан есебіне өтіп кеткен. Ауада қалған ақшаға иелік ету тағы біршама уақытта алады. Сондықтан осы олқылықтың орнын толтырып, жауапты мамандарды нақтылауды тапсырды.
Қорыта айтқанда, жыл басынан сәуір айына дейін атқарылған жұмыстар аз емес. Құрылыс саласында басымдық бар, сондықтан бақылау мен қадағалауды күшейту керектігі шегеленді. Бұл жөнінде де аймақ басшысы жиі ескертіп, сапалы қызметке жүгінуді жүктеп отыр.

Әли ТЕМІРБЕК
07 мамыр 2024 ж. 196 0