№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Инвестиция – ел экономикасының өзегі

Инвестиция – ел экономикасының өзегі



Соңғы жылдары Сыр өңірінің экономикасы мен әлеуеті артып, өндіріс, кәсіпкерлік, білім мен медицина және руханият көкжиегі кеңейіп келеді. Әсіресе, әлеуметтік салада серпін көп, оның негізгі тірегі инвестиция болып тұрғаны рас. Биылдың өзінде облыс бойынша қаншама миллиардттаған қаржы кәсіпкерлердің есебінен қазынаға құйылуда. Туған өлкенің төл перзенттерінің жасап жатқан игі істеріне күнде куә болып отырмыз. Оның ішінде, Жаңақорған ауданының өсіп-өркендеуіне, күретамыр саналатын кенттің көркеюіне кәсіпкерлер көп көңіл бөлуде.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтардың туған жердің ертеңі үшін еңбек етуін міндеттеді. Яғни, әр өңірден шыққан қалталы азаматтар кіндік қаны тамған өлкенің өрісін өрістету жолында көптеп инвестиция жасауға шақырды. Бұл бастама біздің ауданда көңіл қуантады.
Биыл инвестиция көлемі айтарлықтай артып, аудан экономикасы көтеріліп қалды. Қыркүйек айына дейін 26 млрд 531 млн теңге болып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 148,6% орындалған.
Алдағы уақытта да меже айқын дейді мамандар. Мәселен, «Шалқия Цинк ЛТД» АҚ-ң жылдық қуаты 4,0 млн тонна кен байыту фабрикасын салу жобасы бойынша 2023 жылы кеніштің құрылыс жұмыстарын бастауға дайындалуда. «Абдулла» шаруа қожалығының жылына 3,5 мың тонна құс етін өндіретін құс фабрикасын іске қосу жоспарлануда. «Қызылорда AGROPlus» ЖШС-нің қуаты жылына 24 мың тонна томат пастасын өндіру жобасы әзірленуде. «Майнинг Консалт Ко» ЖШС-нің полиметалл кендерін өндіру және қайта өңдеу жөніндегі тау-кен байыту комбинатын салу жобасы да жоспарда. Міне, қысқаша меже осындай.
Тағы бір айта кететіні, біздің ауданның бренді, әрі орта бизнестің табысты көзіне айнлған шипажайлар да көбейді. Қазір аудан көлемінде 4 шипажай жұмыс істеп тұр. «Жаңақорған» шипажайы АҚ, «Шипажай Жаңақорған», «Ақ-Шуақ» және Орда - Сығанақ» ЖШС. Сонымен қатар, осы жылдың маусым айында, құрылысы 2022 жылдың сәуірінде басталған «Жан-Арай» ЖШС-ң 100 орындықты шипажайының құрылысы аяқталды. Жоба құны 1,2 млрд теңгеге жетті.
Түйіндей айтқанда, жалпы аудан бойынша жыл басынан бері барлық қаржы көздерінен 271 жобаға 2 млрд 584 млн теңгенің қаржылай қолдауы көресетілген. Әлі жыл соңына дейін тағы қолдаулар жүзеге асып жатса, нұр үстіне нұр болар еді. Шағын кәсіпкерлік көбейген сайын, елдің әлеуеті де арта түседі. Әсіресе, өнім өндіру ілгерілуі тиісті, басымдық осы бағытқа жұмсалуда. Бұл жұмыстардың негізінде “AMANAT” партиясының бастамасы тұр. Партияның жол картасында көрсетілгендей инвестиция арттыру басты талап пен меже болмақ.

Жасұлан Амалбеков
Аудандық мәслихат депутаты
22 қараша 2023 ж. 268 0