№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ЖАҢАҚОРҒАН ЖАЛҒЫЗ. БІЗ КӨППІЗ

ЖАҢАҚОРҒАН ЖАЛҒЫЗ. БІЗ КӨППІЗ


Мемлекет басшысы ҚасымЖомарт Тоқаевтың бастамасымен ел көлемінде іске асырылып жатқан «Таза Қазақстан» акциясының шын мәнінде жалпыхалықтық сипатқа айналуының астарында осындай ақиқат бар. Әркім туған жеріне борыштар. Өсіп-өніп жатқан өлкеміздің өзенкөлі, тал - бұтасына дейін қастерлеп, қамқорлығымызды аямаған перзенттік пейілімізді сақтай білсек табиғатананы келешекке кіршіксіз аманаттай аламыз.
«Тұрған жеріміз – бәріміздің ортақ үйіміз. Сондықтан оның көркейіп, гүлденуіне әрбір тұрғын бейжай қарамай, қоқыс-қалдықтарды кез келген жерге лақтырмай, айналаны таза ұстауға тиіспіз. Жалпыұлттық сипаттағы науқанды қолдайтын әрбір азамат осындай пікірде.
Өткен сенбіде Жаңақорған кенті жұртшылығы тазалық жұмыстарына түгелдей атсалысып, мекеме-ұжым қызметкерлері орталық алаңды, Сырдария өзеніне қарай кететін бас көшенің бойын, Алтынсарин мөлтекауданы аумағын тазалауға бір кісідей жұмылды.
Аудандық газет ұжымы өзімізге бекітілген Жеңіс паркіне келген бетіміз, осы маңдағы архив мекемесі мен мұражай ұжымы ғимарат айналасындағы артық шөптерді шауып, белгілерді ақтап, қатарында орналасқан «Тағзым» кешеніндегі майдангерлерге қойылған тас мүсіндерді айнадай етіп сүрту жұмыстарына кірісіп кетіпті. Алаңға апаратын жол бойына қаулап өсіп кеткен жабайы шөпті шауып, қураған талдардың түбіртегін құлатып тазалау жұмысын жабылып атқаруға кіріскен Наурызбай Орынбасаров бастаған аудандық жастар ресурстық орталығы мекемесінің қырандары қол күрек пен кетпеннің күшін місе тұтпай, электронды орақты іске қосып, алаңқайды әп-сәтте жалтыратып тастады.
Жастармен бір қатарда тазалық жұмысына жұмылған қарауындағы қыз-жігіттерді жұмсап қарап тұрмай тас түбіне тығылған жабайы тамырды түбірімен қопаруға ақ ер, көк тер өзі кірісіп кеткен аудандық даму бөлімі басшысы Әбілғазы Төлегеновтың құмбыл қимылына қарап кеңестік кезеңнің санаға сіңірген тәрбиесіне бас июге тура келді. Бастауыш сыныптан бастап бала қиялына қанат байлап, «Сенбілікке Лениннің өзі белсеніп қатысқан» дегенді білдіретін «күн көсемнің» бөрене көтеріп бара жатқан бейнесін кітап бетінен түсірмеген кешегі идеологияда былайша қарасаң адамдық болмыстың да шынайы өзегі өріліп жатыр емес пе? Басшы қандай болса ұжымы да сондай. Ортақ құндылыққа деген азаматтық ұстанымды аға толқынның аялай білуі кейінгіге керемет сабақ, үзілмес үлгі. «Шағын ұжымда саусақпен санарлықтай ғана адамыммен міндетті жұмысымызға әрең үлгеріп жүрміз, мүмкіндігіміз келмейді» деп жағдай айтпайтын, әр сенбілікте тапсырылған аумақты тап-таза етуге басы өзі болып сыпырғышын сайлап әзір тұратын Абжалелова Зағипа апайымыздың да азаматтық өнеге-қалыбы сол тәрбиеге адалдықтың бір көрінісі десек асыра айтқандық емес.
Кейінгі кезде бұқаралық тазалық жұмыстарын кісі құқына қол сұғушылық деп бағалап, жоқ жерден кінә тапқыш біреулердің әлеужеліде көптің берекесін алар теріс пікір қоздатып жүргенін көзіміз шалып қалып жүр. Атамекеннің тазалығы оның ауасын жұтып, суын ішкен әрбірімізге асыл міндет. Бұл жерде менікі, сенікі деген ұғым жоқ. Тұратын мекеніміз біреу, біз көппіз. Баршамыз болып осы алтын тұғырымыздың табанын таза ұстап, ешкімді бөліпжармайтын аялы құшағын артық күл-қоқыстан уақтылы тазартып отыруды азаматтық борышымыз деп санағанымыз абзал.
Өткен сенбіде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына аудан жұртшылығы жаппай атсалысты деуге болады. Барлық көшелерде санитарлық тазалық жұмыстары қолға алынып, көшелер, аяқжолдар, ирригациялық жүйелер, елдімкендерде каналдар мен арықтар тазаланды. Күні бұрын әзірленген бағдарлама бағытымен үйлесімді атқарылып келе жатқан үлгілі акцияның барысы жөнінде аудан әкімінің аппарат басшысы Рүстем Рәбилұлы былай деп әңгімелейді: «Таза Қазақстан» республикалық акциясы облыс әкімінің «Көктемгі көркейту және көгалдандыру тазалық айлығының» ізін ала 8 сәуірден бастап қолға алынып, кешенді жұмыстар жүргізіліп келеді. Тұрғындарды бірлікке бастайтын экоакция кент орталығы мен аудандағы 25 әкімшілік аумақ 35 елді мекенді түгел қамтып отыр.
Акция аясында «Жасыл ел» жастар жасағының өкілдері бірлесіп айнала ортаның тазалығын сақтауға жұмылуда. «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы бірнеше ісшараға бөлініп, мазмұн-мәйегін «Таза өлке», «Бұлақ көрсең, көзін аш» деген сынды тақырыптық деңгейде өрістетіп келеді. Жас-кәрі деп бөлмейтін, әр азамат қолынан келетін мүмкіндігін пайдаланып, парасатты іс-қимылға қадам басатын халықтық қозғалыстың қоғамнан қолдау табуында ақпарат ресурстарының да өзіндік қарымқуатын көріп отырмыз. Көп нәрсе ел болып жауапкершілікті мойынға алғанда нәтижеге қауышады. Осы ретте үлгілі ауылдардағы тәжірибе көңілге қонымды. Ол ауылдарда әкім көше комитеті төрағаларына сенім артып, толық тізгінді қолына береді. Ол өз көшесіндегі әрбір тұрғын үйдің жағдайын қадағалауға алып, сын ескертпесін айтып отырады.
Міне, осындай жүйелі қадағалау нәтижесінде отбасылар етекжеңін жинақтап, тазалықты қатаң сақтауға тырысады. Мұның өзі ауыл мәдениетіне, көшелердің көркі мен келбетінің артуына сеп. Үздік танылғандарға Наурыз сынды мерекелерде арнайы сый-сияпат ұсыну да игілікті істің өрісін кеңейте түсетініне ауыл әкімдігінде қызмет атқарған жылдары көз жеткізген болатынмын» дейді ол. Жақсы істі жарнамалау да дұрыс. Бастысы – ел болып ортақ мекеніміздің тазалығына мін түсірмеу міндетіміз.

Баян ҮСЕЙІНОВА
16 шілде 2024 ж. 164 0