№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ҰБТ-2024: Білім мен Білік таразысы

ҰБТ-2024: Білім мен Білік таразысы

Биыл Жаңақорған ауданы бойынша 1024 түлек мектеп бітірсе, соның 951-і ҰБТ-да бағын сынады. Тест қорытындысы бойынша нәтижеге көңіл толады. Неге десеңіз, 62 талапкер 100 балдан жоғары жинады, ең жоғары көрсеткішке қол жеткізген Жаманбай батыр ауылындағы №54 мектептің оқушысы Шазат Аружан 136 балды еншіледі.
Ұлттық бірыңғай тестілеу – әрбір түлектің өз білім деңгейін көрсететін кезі, яғни он бір жыл алған білімінің жемісі, келешек өмірі мен болашақ мамандығына алар жолдамасы іспетті. Талапкерлер биыл тесті екі рет тапсырып, қайсысынан жоғары ұпай жинаса сол нәтижемен іріктеу конкурсына қатысты. Жалпы, республика бойынша қаңтар айында 136 мыңнан аса талапкер ҰБТ тапсыруға ниет білдіріп, құжатын тіркеген. ҰБТ-дағы өзгерістерге келсек, шығармашылық бағытты таңдаған талапкерлер өткен жылдардағыдай ҰБТ-ны екі пән «Қазақстан тарихы» және «Оқу сауаттылығы» бойынша тапсырады. Ал шығармашылық емтихандар жоғары оқу орындарында өтеді. 2024 жылы Қазақстанның жоғары оқу орындарына түсу үшін шекті балл өзгеріссіз қалды, яғни кемінде 50 балл және ұлттық жоғары оқу орындарына түсу үшін кемінде 65 балл болып белгіленді. – Аудан бойынша ең жоғары орында 136 балл жинаған №54 мектептің шоқтығы биік тұр. Өткен жылға қарағанда аса қатты өзгеріс жоқ, бәрі ойдағыдай өтті, – дейді аудандық білім бөлімі әдістемелік кабинеттің әдіскері Жанна Нұрмахамбетова. Айта кетейік, биыл ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша ҰБТ «1 компьютер – 2 камера – 1 тестіленуші» қағидасы бойынша өтті. Талапкердің жұмыс үстелінде негізгі камерадан басқа бөгде адамның бар-жоғын анықтауға арналған қосымша веб-камера орнатылған. ҰБТ тапсыру кезінде компьютер мониторында калькулятор, Менделеев кестесі қамтылады. Тестілеуге 240 минут (яғни 4 сағат) беріледі. Сонымен қоса ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға қосымша 40 минут берілді. Ал көру қабілеті дімкәс білімгерлер үшін суретсіз, диаграммаларсыз және схемаларсыз сынақ әзірленді. Биылғы үміткерлердің деңгейі жөнінде толығырақ білу үшін Ұлттық тестілеу орталығы аудандық филиалы басшысының мінддтін атқарушы Азамат Маткәрімұлымен тілдескен едік.
– 16 мамырда еліміздің 14 аймағы үшін негізгі ҰБТ басталды, тестілеу 12 шілдеге дейін жалғасты. Қазіргі таңда талапкерлердің 16%-ы «Математика-Физика», 16%-ы «БиологияХимия», 13%-ы «Шығармашылық», 11%-ы «Математика-Информатика» пәндерін таңдады. Тестілеу форматында өзгерістер жоқ. 2024 жылғы талапкерлер үш міндетті және таңдау бойынша екі пәннен тест тапсырды. «Оқу сауаттылығы» мен «Математикалық сауаттылық» міндетті пәндерінен тапсырмалар саны 5 сұраққа қысқарды. Сонымен қатар бейіндік пәндерде берілген тізімнен сәйкестікті анықтауға арналған 5 тапсырма қосылды. Осылайша, ҰБТ тапсырмалар саны өзгеріссіз қалды, жалпы 120 сұрақ бар. Оның ішінде «Қазақстан тарихынан» 20 тапсырма, «Оқу сауаттылығынан» 10 тапсырма, «Математикалық сауаттылықтан» 10 тапсырма және екі бейіндік пән бойынша 40 тапсырма. Жоғары балл – 140, ол да өзгеріссіз қалды, – деді ол. ҰБТ тест кезеңі бойынша жоғары көрсеткішке қол жеткізген Жаманбай батыр ауылындағы №54 мектептің оқушысы Шазат Аружанмен тілдесуді жөн көрдік. – Ата-анамның жіті бақылауы мен ұстаздарымның сапалы білім беруінің арқасында 1 сынаптан бастап үздік оқыдым. Тестілеуге 9 сыныптан бастап дайындалдым. Әсіресе мектеп бағдарламасын меңгеруге, қосымша әдебиеттерді көп оқыдым. Шынымды айтсам ҰБТ сынағында өзімді барлық жағынан еркін сезіндім. Үрейге берілмей бойдағы біліміме сенім пайда болды. Бәрінен бұрын уақытымды тиімді пайдалануға тырыстым. Сұрақтар мектеп оқулықтарынан келді. Қосымша әдебиеттерді де оқығанымның пайдасы тиді. Себебі логикалық сұрақтарда жан-жақты білімділік қажет. Ұстаздарыма алғысым шексіз, – дейді ол. Болашағына мақсат қоя білген Аружан Ғалымжанқызы үнемі қолдау көрсетіп отыратын ата-анасы мен ұстаздарының үмітін ақтап шықты. Оның бүгінде таңдау пәні биологияхимия. Алдағы уақытта медицинаны таңдап, дәрігер болғанды қалайды. Иа, үлкен өмірге қадам басқалы отырған түлектердің мақсаты жоғарғы оқу орнының грант иегері атану. Ал, ол нәтижеге жету жолында көп еңбектенудің қажет екені айтпаса да түсінікті.

Әсел РЗАЕВА

16 шілде 2024 ж. 198 0