№95 (8806) 30

30 қараша 2024 ж.

№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ҰБТ-2023 өзгерістер бар ма?

ҰБТ-2023 өзгерістер бар ма?

Мектеп қабырғасында алған 11 жылдық білімді сынға салатын ҰБТ-ны тапсыру сәті жақындап қалды. Әр оқу жылының аяқталуы мектеп түлектері үшін өте маңызды. Үкілеген үмітпен үлкен өмірге қадам басқалы тұрған жоғары сынып бітірушілері Ұлттық бірыңғай тестінен жоғары балл жинау үшін бар күш-жігерін салатыны рас. Осы орайда, биылғы жылы 1088 жаңақорғандық түлек ҰБТ тапсыруға өтініш берген. Сол себепті мектеп мұғалімдері мен түлектер ұлттық бірыңғай тестке қызу дайындық үстінде.

Талапкерлер биыл Ұлттық бірыңғай тестті екі рет тапсырып, қайсысынан жоғары ұпай жинаса сонысымен грант конкурстарына қатысады. Жалпы, республика бойынша 130 мыңнан аса талапкер ҰБТ тапсыруға ниет білдіріп, құжатын тіркеген. ҰБТ сынағы 22 мамыр мен 5 шілде аралығында өтеді. Түлек ҰБТ-ны екі рет тапсыру мүмкіндігіне ие болғанымен, бейінді пәндер комбинациясын ауыстыра алмайды. Мәселен, бірінші сынақ тапсырған уақытында биология-химия пәнін таңдаса, екінші рет тапсырғанда да сол пәндерді тапсыруға міндетті.

– Мектеп бітіруші түлектер үлкен дайындық үстінде. Аудандағы 42 мектептен 1088 оқушы ҰБТ тапсыруға ниет білдіріп отыр. Тестке қай күні кіретінін оқушы өзі таңдайды. Өткен жылға қарағанда аса қатты өзгеріс жоқ. Тек, оқу сауаттылығынан 15 балл болса, биыл 20
балл болып өзгерді. Басқасы сол қалпында,– дейді аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинеттің әдіскері Жанна Нұрмахамбетова.

Айта кетейік, биыл ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша ҰБТ «1 компьютер – 2 камера – 1 тестіленуші» қағидасы бойынша өткізіледі.
Талапкердің жұмыс үстелінде негізгі камерадан басқа бөгде адамның баржоғын анықтауға арналған қосымша вебкамера орнатылған. ҰБТ тапсыру кезінде компьютер мониторында калькулятор, Менделеев кестесі қамтылады. Тестілеуге 240 минут (яғни 4 сағат) беріледі. Сонымен қоса ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға қосымша 40 минут беріліп, олар үшін суретсіз, диаграммаларсыз және
схемаларсыз сынақ әзірленеді.

Биыл ҰБТ-дағы пәндер саны өзгермейді. Үш міндетті пән, екі таңдау пәні болады. Жалпы тестінің саны – 120. Оның 15-і Қазақстан тарихы, 15-і математикалық сауаттылық, 20-сы оқу сауаттылығынан болса, қалған 35 сұрағы бейіндік екі пәннен қойылады. Ең жоғарғы ұпай – 140. Үміткер тестілеу аяқталғаннан кейін жарты сағат ішінде апелляцияға шағымдана алады. Сертификатты апелляция туралы шешім қабылданғаннан кейін тестілеушінің жеке кабинетінен алуға болады.

«Биылғы оқу жылында оқушыларда 5 рет ҰБТ тапсыруға мүмкіндік бар. Қаңтарда, наурыз, тамызда ақылы негізде өтеді және оның сертификаты жоғары оқу орнында ақылы негізде оқуға жарайды. Сондайақ екі негізгі ҰБТ-ны тапсыруға мүмкіндік берілген. Тіркелу онлайн форматта өтеді, әркім тестілеу тапсыру күнін және уақытын өзі белгілей алады», – деді ол. Ал, ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев Сулеймен Демирелдің сөзінше:
– Жыл сайын негізгі ҰБТ мамыр және маусым айларында өткізіліп келді. Енді оған өзгеріс енгізгелі отырмыз, жобасы дайын. Биылғы жоспарымыз бойынша бірінші мүмкіндікке тіркелуді наурыз айында аштық. Алғашқы тестілеуді сәуір айында өткізудің бірнеше себебі бар. Біріншіден, мамыр айында мереке көп. Екіншіден, биылғы оқу жылында 31 мамырда өтетін маңызды мереке – соңғы қоңырау бар.
Оқушылардың бар ойы соңғы қоңырауды тойлауда болады», – дейді Руслан Тохтарұлы.

Жаңақорған кентіндегі Ұлттық тестілеу орталығы филиалы басшысының міндетін атқарушы Азамат Маткәрімұлымен тілдескен едік:
– Тестілеу форматында өзгерістер жоқ. Пәндер саны өзгеріссіз қалады, яғни үш міндетті және екі бейіндік пәндер, барлығы 120 тест тапсырмасы. Алайда, «Қазақстан тарихы» және «Оқу сауаттылығы» пәндері бойынша тест тапсырмаларының санына өзгерістер енгізілді. Енді «Қазақстан тарихының» бір нұсқасында 20 тест тапсырмасы болады: 1-ден 10-ға дейін – бір дұрыс жауапты таңдауға арналған; 11-
ден 20-ға дейін – контекстке негізделген бір дұрыс жауапты таңдауға арналған тест тапсырмалары (5 сұрақтан 2 контекстік мәтін).Сондай-ақ, бұған дейін талапкерлерге оқу сауаттылығынан 20 тест тапсырмасы берілсе, енді 3 мәтін бойынша 15 тест сұрағы ұсынылады. Осылайша, Қазақстан тарихы – 20, оқу сауаттылығы – 15, математикалық сауаттылық – 15 және екі бейіндік пән бойынша 35 тест тапсырмасы ұсынылады.Ең жоғары ұпай – 140. Тестілеудің жалпы уақыты – 4 сағат (240 минут). Сонымен қатар, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға қосымша 40 минут уақыты сақталады.

Әсел Рзаева

23 мамыр 2023 ж. 336 0