№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ҰБТ-да өзгерістер бар ма?

ҰБТ-да өзгерістер бар ма?

Әр оқу жылының аяқталуы мектеп түлектері үшін өте маңызды. Үкілеген үмітпен үлкен өмірге қадам басқалы тұрған жоғары сынып бітірушілері Ұлттық біріңғай тестінен жоғары балл жинау үшін бар күш-жігерін салатыны рас. Осы орайда 957 жаңақорғандық түлек ҰБТ тапсыруға өтініш берген.
Талапкерлер биыл Ұлттық біріңғай тестілеуді екі рет тапсырып, қайсысы­нан жоғары ұпай жинаса сонысымен грант конкурстарына қатысады. Жалпы, республика бойынша 130 мыңнан аса талапкер ҰБТ тапсыруға ниет білдіріп, құжатын тіркеген. ҰБТ сынағы 16 мамыр мен 5 шілде аралығында өтеді. Түлек ҰБТ-ны екі рет тапсыру мүмкіндігіне ие болғанымен, бейінді пәндер ком­бинациясын ауыстыра алмайды. Мәсе­лен, бірінші сынақ тапсырған уақытын­да биология-химия пәнін таңдаса, екін­ші рет тапсырғанда да сол пәндерді тапсыруға міндетті.
– Биыл аудан бойынша 957 бітіруші түлек ҰБТ тапсырудың екі кезеңіне де өтініш берді. Талапкерлер сынақты 16-мамыр мен 4-шілде аралығында тапсырады. Тестке қай күні кіретінін оқушы өзі таңдайды, – дейді аудандық білім бөлімінің әдістемелік кәбинеттің әдіскері Жанна Нұрмахамбетова.
Айта кетейік, биыл ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша ҰБТ «1 компьютер – 2 камера – 1 тесті­ленуші» қағидасы бойынша өткізіледі. Талапкердің жұмыс үстелінде негізгі камерадан басқа бөгде адамның бар-жоғын анықтауға арналған қосымша веб-камера орнатылған. ҰБТ тапсыру кезінде компьютер мониторында каль­кулятор, Менделеев кестесі қамтылады. Тестілеуге 240 минут (яғни 4 сағат) беріледі. Сонымен қоса ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға қосымша 40 минут беріліп, олар үшін суретсіз, диаграммаларсыз және схемаларсыз сынақ әзірленеді.
Биыл ҰБТ-дағы пәндер саны өзгермейді. Үш міндетті пән, екі таңдау пәні болады. Жалпы тестінің саны – 120. Оның 15-і Қазақстан тарихы, 15-і математикалық сауаттылық, 20-сы оқу сауаттылығынан болса, қалған 35 сұрағы бейіндік екі пәннен қойылады. Ең жоғарғы ұпай – 140. Үміткер тес­тілеу аяқталғаннан кейін жарты сағат ішінде апелляцияға бере алады. Сер­тификатты апелляция туралы шешім қабылданғаннан кейін тестілеушінің же­ке кабинетінен алуға болады.
Білім департаментінің мәліметіне сүйенсек, егер бірінші тестілеуде талапкер ереже бұзса, яғни тиым салынған көмекші құралдарды пайда­ланса, ол ҰБТ-ның екінші тестілеуіне қатыса алмайды. Ал, екінші тапсыру кезінде ереже бұзатын болса, бірінші және екінші тестілеудің нәтижесі жойылып, талапкер гранттарды та­ғайындау конкурсына қатыса алмайды. Сонымен қатар, академиялық адал­дықты сақтау үшін талапкерлердің тестілік нұсқасы таңбаланады. Демек, әр қатысушының жеке тест нұсқасы болады. Егер талапкер ереже бұзып, тест тапсырмаларын аудиториядан тыс жерге шығаруға ниеттенсе, оның тест тапсырған нәтижесі жойылады.
Түйін. Үлкен өмірге қадам басқалы отырған қай түлектің болмасын мақсаты жоғарғы оқу орнының грант иегері атану. Ал, ол нәтижеге жету жолында көп еңбектенудің қажет екені айтпаса да түсінікті. Қас-қағым сәтте жылдың ортасы келіп, мамыражай мамыр да аяқталып қалды. Даңғыл жолға сапар шеккелі тұрған талапкерлердің де көңілдері алаңдаулы екені түсінікті. Дегенмен, әр оқушы өз білімін жоғары деңгедйде дәлелдеп шығарына біз сенімдіміз.
Айсұлу Алданазар
22 мамыр 2022 ж. 3 442 0