ҰБТ БАСТАЛДЫ: АҚЫЛЫ НЕГІЗДЕ ЖОҒАРҒЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНА ҚАБЫЛДАНУҒА НИЕТ БІЛДІРГЕН БІТІРУШІ ТҮЛЕКТЕР ТЕСТ ТАПСЫРУДА
Бүгін 2023-2024 оқу жылының алғашқы ҰБТ-де бітіруші түлектер білімін сынауда. Жалпы аймақ бойынша ағымдағы оқу жылында бітіруші 8285 түлектің 7340 немесе 88,6 пайызы қаңтар айындағы ҰБТ-ға қатысады.
Тестілеу электронды форматта 4 кезеңде өткізіледі. Қаңтар айындағы бірінші кезеңдегі ҰБТ-ға өтініштерді қабылдау 2023 жылғы 29 желтоқсан мен 2024 жылғы 11 қаңтарға дейін Ұлттық тестілеу орталығының app.testcenter.kz сайтында немесе UTO қосымшасы арқылы жүргізілді. Бұл кезеңде талапкер ЖОО-на ақылы негізде қабылдану үшін шектік 50 баллдан жоғары ұпай жинауы тиіс. Тестілеудің өзі 2024 жылғы 16 қаңтар мен 10 ақпан аралығында өтеді.
Тіркелу кезінде тест тапсырушылар емтихан орнын, күнін және уақытын өздері таңдайды. Айта кету керек, 2024 жылғы ҰБТ-да тестілеу форматына өзгерістер енгізілді. Қазақстан тарихы бойынша тестілеуге қатысушылар 20 тапсырманы, оқу сауаттылығы – 10, математикалық сауаттылық – 10 және екі бейіндік пән бойынша 40 тапсырманы орындайды. Барлығы – 120 сұрақ. Ең жоғары балл – 140. Тестілеудің жалпы уақыты – 4 сағат (240 минут). Сондай-ақ, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін қосымша 40 минуттық уақыт сақталады.
Тестілеу кезінде калькулятор, Менделеев және тұздар ерігіштігі кестелері барлық талапкер үшін компьютер экрандарында қолжетімді болады. Сондай-ақ ҰБТ қатысушыларына өздерімен қалам, су және шоколад алып келуге рұқсат етіледі.
Жалпы ҰБТ-ны өткізу ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығына бекітілген.
Қызылорда облысының білім басқармасының баспасөз қызметі