Суға шомылу маусымында: ең алдымен қауіпсіздік!

Азаматтардың жазғы суға түсу маусымында белгіленбеген орындарға суға түсуі, балалардың ата-аналарының бақылауынсыз су жағалауларына баруы, ересектердің спирттік ішімдік ішіп суға түсуі салдарынан адам қазасының орын алуы және балық аулау кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтамау басты себеп болады. Осындай қайғылы жағдайлардың алдын алу үшін, ата-аналардың жазғы демалыс уақытында балаларын әрдайым бақылауда ұстауға, азаматтардың белгіленбеген орындарға суға түспеуге шақырамыз.
Қалай десек те, сақтық өзгеге емес, өзімізге керек екенін ұмытпағанымыз жөн. Сол сақтық жетсіпегеннен екі жағдай орын алды, сондықтан мүмкіндігінше каналдар мен көлдерге жолаудың қажеті жоқ.