Сақтансаң сақтайды

«AMANAT» партиясының аудандық филиалының төрағасы Арман Әбілпейсұлы тұрғындарды қауіпсіздік шараларын сақтауға үндеді.
– Су – мәңгілік қуаттың қайнары ғана емес, тілсіз жаудың бірі. Сондықтан, суға түскенде сақтық шараларын қолданбаса аяғы қайғылы оқиғалармен аяқталып жатады. Қазіргі таңда жасөспірімдермен қатар ересектердің де суға кетуі жиілеп кетті. Сондықтан да, ел арасында үгіт-насихат жұмыстары көбейсе, қауіп азаяры сөзсіз. Көпшілікпен жұмыс жасауды күшейту керек. Бұл тұста ата-аналарға артылар міндет ауыр. Осындай қайғылы жағдайлардың алдын алу үшін, ата-аналардың жазғы демалыс уақытында балаларын әрдайым бақылауда ұстауға, азаматтардың белгіленбеген орындарға суға түспеуге шақырамыз, – дейді.
Апат айтып келмейді, сондықтан қандай жағдай болмасын сақ болған абзалырақ. Қазақта бір сөз бар ғой «сақтансаң сақтайды»...