№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » «Балдәуреннің» әр күні – базарлық

«Балдәуреннің» әр күні – базарлық


«Адамның бір қызығы – бала деген». Әрбір жанның жүрек түкпірінде, көңіл қалтарысында жүретін өмірлік қағида бұл. Себебі біздің өміріміздің мәні де, сәні де – бала. Бүлдіршіндердің сыңғыр күлкісін есту біз үшін үлкен бақыт.
Жаз маусымында білімгерлер демалысқа шыққан уақытында елімізде жазғы тынығу лагерьлері өз жұмысын бастады. Соның бірі №247 орта мектебінің жанындағы «Балдаурен» лагері оқушылардың демалыс күндерін тиімді өткізуі үшін бірқатар шаралар ұйымдастырып келеді. Атап айтсақ, «Жұлдызды сәт» лагерь қатысушыларымен өте көңілді басталды.
Айтулы шараның ашылу салтанатында мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н.Бегімбетов және лагерь директоры Т.Кенбай сөз алып, оқушыларға жылы лебіздерін білдірді. Келесі күні демалушылар тоғызқұмалақ ойынының қыр-сырымен танысып, тілек білдірушілер осы үйірмеге жазылды. Бастауыш сынып оқушылары өз ауданымыздың тарихи жерлерін дәріптеу мақсатында Ақтастағы «Айқожа ишан» кесенесіне барып қайтты. Саяхаттау өте керемет деңгейде болды. «Балдаурен» күндізгі тынығу лагерінің өрендері үшін ең қызықтысы – тарихи мекендерге саяхаттау.
Демалыс«Балдәуреннің» әр күні – базарлық «Адамның бір қызығы – бала деген». Әрбір жанның жүрек түкпірінде, көңіл қалтарысында жүретін өмірлік қағида бұл. Себебі біздің өміріміздің мәні де, сәні де – бала. Бүлдіршіндердің сыңғыр күлкісін есту біз үшін үлкен бақыт. тың алғашқы күндерінің өзінде-ақ балалармен Хорасан ата тарихи мекеніне жолымыз түсті. Хорасан баба шын аты Әбдіжәлел бап шамамен ІX ғасырда өмір сүрген тұлға. Сыр бойына Ислам діні мен мәдениетін таратушылардың бірі, Әзірет Әлінің 8-ші ұрпағы саналатын Ысқақ бабтың інісі. Осы қос ұлдың әкесі, бұрынғы Шам шаһарының патшасы Әбдірахман баб көз жұмарында тағын тұңғыш ұлы Ысқаққа табыстапты. Ал Әбдіжәлил баб Йеменнің патшасы болған. Оның Хорасан ата атануының да өзіндік сыры бар. Кесенеге қатысты тарихи деректерді кесене шырақшысының ұлы Серікболсын бауырымыз оқушыларға кеңінен түсіндіріп айтып берді. Зиярат етуге барған мекеннің ақиқат киесіне оқушыларымыздың да көзі жетті.
Алдағы уақытта туристік орталыққа айналуы мүмкін. «Хорасан ата» кесенесіне көршілес «Үш ата», «Қылышты ата» кесенесіне соғып бабаларымыз рухына мінажат еттік. Лагерь бағдарламасында ұлттық құндылықтарымызды дәріптеуге баса көңіл бөлінуде. Ұлттық киім, ұлттық ойын, ұлттық аспап, қолөнер, яғни, ежелден келе жатқан спортымыз, мәдениетіміз, әдебиетіміз, дәстүріміздің арқасында біздің еліміздің жастары аманатқа адал, тәрбиелі болып өседі. Бұндай құндылықтар арқылы халықтың рухын көтереміз, бірлігіміз арта түседі. Бала дегенде әр ата-ананың талабы күшті. Кім болса да өз баласының саналы да салиқалы ержеткенін қалайды. Баланың бос уақытын сапалы өткізіп, смартфонның бұғауынан арашалауда үш ай жазға созылатын лагерьлерінің таптырмас көмекші екені анық. Балалардың жайдары жазды көңілді өткізуіне бәріміз де мүдделіміз.

Фарида Кокенова
16 шілде 2024 ж. 368 0