№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Жаз - 2023: "Тау самалындағы" бір күн

Жаз - 2023: "Тау самалындағы" бір күн

«Әке балаға сыншы». Әрбір жанның жүрек түкпірінде, көңіл қалтарысында жүретін өмірлік қағида бұл. Себебі, біздің өмірімізде әке мен бала байланысы тереңде. Сондықтан болар, әкенің алдын кеспей, жолын тосқан ұрпақ сабақтастығы бүгінгі күнге дейін жалғасын тауып, құрмет-қошеметтің үлгісін байқап келеміз. Жаз маусымында білімгерлер демалысқа шыққан алғашқы күннен елімізде жазғы тынығу лагерьлері өз жұмысын бастады. Соның бірі – ауданымыздағы «Тау Самалы» тынығу лагері Әкелер күні деп белгіленген, ерекше мәнге ие шараны мерекеледі.


Лагерьге Бағлан Момынхановтың басшылық қызметке келгеніне көп бола қойған жоқ. Деседе талай тындырымды істің куәсі болдық. Лагерьдің кең ауласын жарықтандырып, көркейту-көгалдандыру жұмысын жүйелі жүргізгені аңғарылады. Мұнда балаларының жайын білмекке келушілерге арнайы орындар бар. Лагерьге кірген бойда жасыл желектердің қалың көлеңкесі көңіліңізді жадырата түседі. Мұнда ұжымның дәстүрі бойынша лагерьдің туы көкте желбіреп тұр.

Лагерьдің әр күнге арналған жоспары түзілген. Күндізгі және кешкі мезгілде өткізілетін іс-шаралар бойынша жұмыстар жүргізіледі. Мұнда демалуға келушілерді 5 топқа жасақтап, 10 тәрбиеші түрлі ісшараға дайындық жүргізеді. Біз әкелер мерекесіне арналған шараға қатысуды жөн көрдік.

Биыл тұңғыш рет аталып өтіп жатқан мерекеде спорттық және дүниетанымдық ойындар түрінен эстефета өткізілді. Жарыстың алғашқы қадамын әкелер бастап, кедергілерден жүгіріп өтті. Жасөспірімдермен бірге өздерінің қарымқабілетін байқатқан ағалардың бір уақыт балалыққа саяхат жасап, балауса бал шақтарын еске алысып, жүздері жадырап сала берді. Мәре сызығына жетуге бар күшін салған Сапарбай, Бақытжан және Болат ағайлар сайыстың көркін қыздыра түсті. Сайыс соңында «Атамекен» тобының тынығушылары жеңіс тұғырынан көрінді. Лагерь басшысы Бағлан Момынханов балаларды құттықтап, жылы лебізін білдірді. Әрі жас өскіндердің жақсы әрі қызықты демалуларына тілек қосты.

Тынығуға келген балалардың бір бөлігі «Көңілді жаз» тақырыбында сурет бауларымен картина салып жатты. Ыждағаттылық пен икемділікті аса қажет ететін ойынға елуге жуық бала өз үлесін қосты. Нәтижесінде бөлмеге іліп қоюға таптырмас әсем картина дайындалды. Төртеуі терең эстетикалық талғамды танытып тұр.

Салтанатты шара соңында Бағлан Момынханов: «Міне, бүгін лагерімізде әкелер мерекесіне ерекше шара өткізіп, әр баланың жүрегіндегі әкеге деген құрметтің биігін шыңдадық. Сайысқа қатысып, өз өнерлерін көрсеткен әрбір бала мен әрбір әкеге алғыс айтамын. Биыл балаларға қызықты болуы үшін көп нәрсе ұйымдастырып, жоспарлап отырмыз. Баланың қуанышы – біздердің жетістігіміз.Әр күн біріне-бірі ұқсамауы керек, – деп алдағы мақсаттарын сөз етті.

Биыл лагерь 7 ауысым бойынша жұмыс жасап, 530-дан астам бала демала алады. Әр күні таңғы жаттығумен басталатын балғындарға барлық жағдай қарастырылған. Бес мезгіл ас мәзірімен қамтамасыз етіліп, түрлі білім және спорттық шаралар қызықты ойындар ойнатылады.Демалыс орнында балалардың қызығушылығына қарай 10 күн бойы «Көркемсөз оқу», «Асық ату», «Дойбы», «Қолөнер», «Домбыра үйрену», «Би» үйірмелері жұмыс жүргізеді. Әрбір тынығушы өзіне ұнаған үйірмеге барып, өз уақыттарын тиімді өткізуіне жағдай жасалған.

Әрбір баланың жайдарлы жаз мезгіліндегі қызықты сәттерін қамтамасыз етуге еңбек етіп жатқан «Тау самалы» лагерінің бір күндік іс-шарасынан-ақ, тағылымға толы тәрбие негізін байқадық. Көрікті аймақта тәжірибесі толысқан ұжымның әр күні үлкен мерекеге ұласып, тәрбиеші қауымның қабілетінің биік екенін дәлелдей түсті.
20 маусым 2023 ж. 302 0