№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жазғы тынығу жайының жағдайы қалай?

Жазғы тынығу жайының жағдайы қалай?



Оқу жылы аяқталып, балалар жазғы демалысқа шыққалы тынығу лагерінің жұмысы қыза түсті.
Жергілікті жердегі «Талдысу» және «Тау самалы» тынығу жайлары балалардың қызықты каникулын қалыптастыру үшін түрлі іс-шаралар ұйымдастыруда. Жаз мезгіліндегі баланың бос уақытын тиімді мақсатқа бағыттауға арналған кешенді шаралар жөнінде жан- жақты білмекке аудандық білім бөлімінің әдіскері Әбдіқадір Тұрарға хабарласқан едік.

Биыл ауданда жазғы сауықтыру шараларымен 17791 баланы қамту жоспарланса, сыртқы лагерь, мектеп жанындағы лагерьлер, тарихи орындарға саяхат т.б. шараларға 17010 бала қатысып, қамтылуы 96 %-ды құрап отыр екен. Бұл туралы аудандық білім бөлімінің әдіскері Әбдіқадір Тұрар:
– «Жаңақорған ауданы білім беру ұйымдарында 2023 жылғы балалар мен жасөспірімдердің жазғы демалысы мен сауықтырылу шараларын ұйымдастыру» іс-шаралар жоспары бекітілген. Жоспарға сай жазғы маусымда кезең-кезеңімен тынығу лагерлеріне балалар
демалатын болады, – деді.
Айта кетейік, оқушылардың жазғы демалысы үшін міндетті оқу қорынан 15 млн 986 мың теңге қаралып, «Тау самалы» және «Талдысу»
лагерьлерде 536 бала тегін демалатын болады. Білім саласы қызметкерлерінің кәсіподақ комитеті арқылы 50 пайыз жеңілдікпен 130 бала демалатын болады.
Маусым айының алғашқы онкүндігінде «Талдысу» және «Тау самалы» тынығу лагері, мектеп жанындағы күндізгі лагерьлер аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының қорытындысы негізінде өз жұмысын бастады. Нақтырақ айтсақ, «Тау самалы» лагері 2 маусымнан бастап 80 -нен аса баланы қабылдады. Бұған қоса аталған лагерьдің тағы да 80 адамға арналған қосымша ғимараты осы айдың екінші онкүндігінен бастап іске қосылады деп жоспарлануда. Бұған дейін әр ауысымда 80-ге жуық бала қабылданып келсе, тынығушылар саны екі есеге дейін артатын болды. Бұл туралы «Тау самалы» лагерінің директоры Бағлан Момынханов:
– Алғашқы топты күтіп алып, жоспарға сай сауықтыру шараларымен қатар түрлі мәдени- ағартушылық іс-шаралар атқардық. Лагерьдің әрбір қызметкері қарым-қабілетімен заманауи үрдіске сай іскерлігін байқатты. Бұл ұжымның тәжірибесі толысқан, әрі креативті екенін ұқтым. Алдағы уақытта да осы бағытта жүйелі жұмыс
атқаратын боламыз, – деді.
Тау бөктеріндегі «Талдысу» лагері де бірінші маусымның тынығушыларын қабылдады. Тұмса табиғат аясында орналасқан олимпиадалар және қосымша білім беру орталығына бұл жолы Шиелі, Қармақшы және Жалағаш ауданынан 285 бала келіпті. «Талдысу» лагері биылғы жазғы сауықтыру маусымына үлкен дайындықпен келіп отыр. Материалдық базасы жаңарып, техникалық қауіпсіздігі, санитарлық тазалығы ескерілген. Бүгінде лагерь аумағында балалар үшін 12 түрлі бағытта үйірме жұмыс жасайды. Алдағы
уақытта робототехника, IT жобалар және шет тілдерін меңгеруге қызығушылық танытқан
балаларға арналып қосымша үйірмелер ашу көзделуде. Сондай-ақ, лагерьдің басты ерекшелігі – балалардың табиғи қорықтарға саяхаттап, экскурсия жасауына жан-жақты жағдай жасалған.
– Оқушылардың тамаша табиғат аясында тынығуы үшін жылдар бойы легерьдің айналасын әсем гүлзарлар мен жасыл желекке
айналдырып келеміз. Біздің лагерь тау етегінде болғандықтан ауасы таза, ерекше табиғатқа
бай. Сондықтан болар, жылына кем дегенде жеті маусым бойы демалушылар үзілген емес, –
дейді облыстық олимпиадалар және қосымша білім беру орталығының директоры Елдос
Жұмаділлаұлы. Орталықта баланың еркін тынығуына барлық жағдай жасалған. Жайлы жатын орыннан
бастап, тамақтануы, демалысы, үйірмелер, мол қоры бар кітапхана, түрлі саяхаттық сапарлар, ауладағы аспанасты көрмелері әрбір
оқушының танымдық көзін ашады, ерекше әсер сыйлайды. Бұл орайда, орталық директорының ұйымдастырушылық қабілеті, жақсы істерге
баулу мақсатындағы ізденістері, іскерлік шеберлігі нәтижесін беріп келеді.
Сондай-ақ, «Байкен-U», «СКЗ-U», «Қызылқұм» сияқты ірі кәсіпорындар мен басқа да кәсіпкерлер демеушілігі арқылы: Түркістан
облысындағы «Машат», «Адем», «Біргөлек», Қызылорда қаласындағы «ORDA», «Саяхат» лагерьлерінде жалпы саны 1108 бала тынығады.
Жалпы ауданда білім беру ұйымдары бойынша лагерь жасындағы 9-14 жаста 11707 бала болса, оның 20 пайызы, яғни 2340-ы бюджет және ақылы сыртқы лагерьлермен қамтылып отыр. Мектеп жанындағы күндізгі лагерьлерде 1-4 сынып аралығында 1405 бала, сонымен қатар 5-10 сынып оқушылары арасынан 5445 бала, күндізгі сауықтыру шаралары және еңбек бригадасымен қамтылады;
Сондай-ақ Сығанақ қалашығы, Қорасан ата, Сунақата, Төлегетай-Қылышты ата, Ақтас, Айқожа, Қарасопы, Бақсайыс кесенелері, Көккесене
сағанасы, Қатынқамал үңгірі сияқты аудандағы тарихи-мәдени танымдық маңызы
бар тарихи орындарға, Түркістан облысындағы Арыстанбаб, Қожа Ахмет Яссауи, Гауһар ана кесенелеріне мамыр- маусым аралығында 3000
бала танымдық саяхатқа барады.
Қазақстан Республикасы Оқу ағарту министрлігімен жазғы демалыс кезінде балалардың бос уақытын бірыңғай бағытта ұйымдастыру
мақсатында әзірленетін тұжырымдамасын негізге алып, «Жайдарлы жаз» бағдарламасы шеңберінде аудандағы қосымша білім мекемелері
жұмыс жасайтын болады. Әлшекей атындағы, Бесарық, Түгіскен балаларға арналған өнер мектебі және аудандық Оқушылар үйінде жазғы мезгілде «3D-модельдеу», «Робототехника» т.б 25 үйірме жұмыс жасап, онымен 720 бала қамтылады.
Ауданда 18 мамыр күні «Жазғы мезгілде балалардың қауіпсіздігін сақтау және түрлі төтенше жағдайлардың алдын алу» тақырыбында тиісті сала мамандарының қатысуымен аудандық семинар өткізілді. Оған аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы, аудандық полиция бөлімі ювеналды полиция бөлімшесі мамандары, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, сыртқы және мектеп
жанындағы ұйымдастырылатын лагерьге жауапты мамандар қатыстырылды.
Сондай-ақ, каникул кезінде балалардың бос уақытын және еңбекпен қамтылуын ұйымдастыру бойынша аудандық білім беру ұйымдарының 9-10 сынып оқушыларынан 22 бала анықталып, олармен жұмыс беруші тарапынан тиісті еңбек шарттары жасалынды.

Мақпал Марқабай

14 маусым 2023 ж. 273 0