№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Балалар жазы көңілді

Балалар жазы көңілді


«Адамның бір қызығы – бала деген». Әрбір жанның жүрек түкпірінде, көңіл қалтарысында жүретін өмірлік қағида бұл. Себебі, біздің өміріміздің мәні де, сәні де – бала. Бүлдіршіндердің сыңғыр күлкісін есту біз үшін үлкен бақыт. Жаз маусымында білімгерлер демалысқа шыққан алғашқы күннен елімізде жазғы тынығу лагерьлері өз жұмысын бастады. Соның бірі ауданымыздағы «Тау Самалы» тынығу лагері.


Лагерьдің ашылу салтанаты қызықты ұйымдастырылды. Балалар ең бірінші жиын өтетін алаңға жиналып, жылдағы дәстүр бойынша лагерьдің Туы көтерілді. Мерекелік шарада «Атамекен» тобының тынығушылары – Тұрғанәлі Тоғжан, Сексенбай Нұрбақыт, Бекболат Бибінұр өзбек биін «Достық» тобының тынығушылары ұлттық «Күй» биін билеп өз өнерлерін ортаға салды. Одан бөлек шараға арнайы шақырылған аудандық «Әлшекей» атындағы саз мектебінің ұстаздары өнер көрсетті.

Салтанатты шарада қонақ болып келген Шалқия кентінің әкімі Сабырханов Әбдімәулен және аудандық білім бөлімінің тәрбие ісі жөніндегі бас маманы Жандарбекова Мейрамкүл балаларды құттықтап, жылы лебізін білдірді. Лагерь басшысы Болат Шерімбетов сөз алып, жас өскіндердің жақсы әрі қызықты демалуларына тілек қосты.

Салтанатты шарада балалардың арман-тілегі жазылған шарды аспанға ұшыру сәті ерекше көңіл-күйге бөледі. Онда қонақтар мен лагерь тәрбиешілерінің балаларға арнаған ақ тілегі жазылған. Көңілдері пәк, жүздері бал-бұл жайнаған балалар осы шармен бірге болашаққа деген сенімі, махаббаты, армандары да биікке самғап бара жатқандай ерекше күйді бастан кешті. Тәрбиеші Мейрамкүл Жолдасбекова: «Міне, бүгін лагеріміздің ашылу салтанаты өтіп жатыр.

Биыл балаларға қызықты болуы үшін көп нәрсе ұйымдастырып, жоспарлап отырмыз. Баланың қуанышы – біздердің жетістігіміз.Әр күн біріне-бірі ұқсамауы керек, – деп алдағы мақсаттарын сөз етті.

Биыл лагерь 7 ауысым бойынша жұмыс жасап, 520-дан астам бала демала алады. Әр күні таңғы жаттығумен басталатын балғындарға барлық жағдай қарастырылған. Бес мезгіл ас мәзірімен қамтамасыз етіліп, түрлі білім және спорттық шаралар қызықты ойындар ойнатылады.Демалыс орнында балалардың қызығушылығына қарай, 10 күн бойы «Көркемсөз оқу», «Асық ату», «Дойбы», «Қолөнер», «Домбыра үйрену», «Би» үйірмелері жұмыс жүргізеді. Әрбір тынығушы өзіне ұнаған үйірмеге барып, өз уақыттарын тиімді өткізуіне жағдай жасалған.

Әр жеткіншек үшін балалық шақ қызықты, естен кетпес естеліктерге толы болғай.

Шәкизат ОЛЖАБАЙ
07 маусым 2022 ж. 614 0