№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Карантинге байланысты лагерь жұмыстары кешеуілдеп тұр

Карантинге байланысты лагерь жұмыстары кешеуілдеп тұр

Оқу жылы аяқталып, оқушылар жылда жазғы тынығу лагеріне асығатын еді. Бірақ биыл карантинге байланысты лагерь жұмыстары кешеуілдеп тұр. Жыл сайын қала, аудан, тіпті мектеп жанындағы лагерлерге ағылатын оқушылар биыл қайда барарларын білмей қалды. Бұл жөнінде жауапты мекемелер не дейді? Осыны анықтап көрдік.

Жалпы Сыр өңірінде 40-тан аса тынығу лагері болса, соның екеуі Жаңақорған ауданында. «Облыстық олимпиадаларға дайындау және қосымша білім беру» орталығы, яғни «Талдысу» және «Тау самалы» тынығу лагері биыл да жұмысын жалғастырады. Қашан? Қалай? Білім бөліміне осы сауалдарды жолдадық.
– Жаңақорған ауданы білім беру ұйымдарында 2020 жылға мектеп оқушыларының жазғы демалысын ұйымдастыру жоспары бекітілді.Содан бастайық. Аудан бойынша 2020 жылы жазғы сауықтыру шараларымен қамтылуға тиісті (1-10 сынып) оқушылар саны – 16690. Арнайы атаулы көмек (АСП) алатын лагерь жасындағы (9-13 жас) бала саны – 940. Бірінші кезекте көрсетілген санаттағы барлық баланы сыртқы лагерьлермен, демалыспен қамтамасыз ету жоспарланды. Бұл мақсатта бюджеттен 21 млн. 453 мың теңге қаржы қаралды, – деді аудандық білім бөлімінің тәрбие ісі жөніндегі бас инспекторы Мира Жандарбекова.
Енді тізімге ілінген оқушылар қай лагерьлерге демала алады, соны сараптап көрейік. Сыртқы ла­герь­лерге, «Тау самалына» ауы­сым ұзақтығы 7 күннен 9 ауы­сымда 540 бала демалады. «Талдысуға» міндетті оқу қорынан 600 оқушы жолдама алса, ата-аналар есебінен300 бала тынығуға мүмкіндігі бар. «Өзгент» балалардың тынығу және демалыс аймағына160 бала, Нұр-Сұлтан қаласына саяхатқа міндетті оқу қорынан (екі бөліп) 70, кәсіподақ қолдауы арқылы 250 оқушыға жолдама дайын. Сондай-ақ «КазАтомПром» ҰК» АҚ (Байкен-У, Қызылқұм ЖШС, т.б) демеушілігімен аз қамтылған, көпбалалы отбасы балаларын, жетістігі бар үздік оқушылар Шымкент қаласындағы лагерьлерде (300оқушы) демалуына мүмкіндігі бар.
– Жалпы лагерь жасындағы (9-13) балалар саны – 9064 болса, қамтылатыны – 2220 оқушы, оның ішінде, бюджет есебінен жолдама 1160 оқушыға беріледі. Тарихи орындарға саяхаттауға 7220 баланы қамту жоспарланды. Арыстанбабқа және Қожа Ахмет Яссауи мешіті, Хорасан ата кесенесі, Сығанақ және Сауран қаласы, Қатынқамал үңгіріне саяхаттауға 800 оқушы қамтылады. Сондай-ақ спорттық, аула клубтарына, спорт кешендеріне спорт нұсқаушыларымен жүр­гізілетін шараларға, секция жұ­мыс­тарына, Бесарық, Әлшекей, Түгіскен өнер мектептері, балалар орталықтарында жүргізілетін үйір­мелерге қатысатындардың да тізімі дайын, – деді бас инспектор.
Жалпы лагерьлермен кімдер және қанша оқушы қамтылатыны белгілі, енді аталған тынығу орын­дары қашан жұмысын бастайды. Маңыздысы осы. Білім бөлімінің нақты мәліметіне сүйенсек, лагерь жұмысы 15 – маусымнан басталады. Ал оған тиісті мекемелер дайын ба?
– Әрине дайынбыз, тек тапсырма келсе болғаны. Бірақ ереже өзгереді. Бұрындары бір бөлмеге төрт баладан жататын болса, енді бір балаға 9 квадрат деп өзгерту енгізілген, әр бөлмеге тек екі оқушы ғана жатқыза аламыз. Ал 6 квадрат болса, онда 3 оқушыны сыйдыруға болады. Былтыр 9 ауысым, 10 күннен қабылдасақ, биыл 1 аптаға дейін қысқаруы мүм­кін. Жылда 1-маусымнан бастап бала қабылдасақ, биыл 15-нен басталады. Барлығы министрлік қа­был­дайтын қаулыға байланысты, – деді «Талдысу» тынығу лагерінің басшысы Елдос Жаңабаев.
Бесарық ауылдық округінде орна­ласқан балалар лагеріне әрісі Аралдан Жаңақорғанға дейін оқу­шылар қамтылады. Саф ауасы, тамаша табиғаты бар, бұлағы мөлдір тау етегінде орналасқан демалыс жайына әрбір оқушы келуге құмар. Осындай табиғатына көз тоймайтын Құттықожа елді мекенінде орна­ласқан «Тау самалы» лагері де керекті жұмыстарын жүргізіп, бала қабылдауға дайын екендігін жеткізді. Жалпы, біз іздеген сауалдардың жауабы осы. Бәрінен бұрын баланың жазғы тынығуы тежелмесе болды. Қалғаны кезең-кезеңмен шешіле беретін мәселе. Өйткені карантиндік режим толық аяқталмаса да, қатаң талаптар жеңілдетілді.

Әлібек ЖАРЫҚБАЕВ
02 маусым 2020 ж. 817 0