"Жасыл ел" жігерлі жастар жұмысы

Кент орталығында "Жасыл ел" жастар жасағы өз жұмысын бастап кетті. Маусым айының алғашқы күндерінен-ақ кент көшелеріндегі жасыл желекке күтім жасап, көшелердің тазалығына дем беруде. Тәуелсіздік көшесінің бойындағы жаңа отырғызылған көшеттердің арамшөптерінен тазалап, топырағын қопсытып жүр.
"Жасыл ел" бағдарламасы жастар қауымының Отанға деген сүйіспеншілігін арттырып, тазалық сақтауға, экологиялық тәлім алуға таптырмайтын жоба. Әрине, ең бастысы, елдік мүдде жолында адал еңбектенудің ерен үлгісін көрсетеді.