№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » «ЖАСЫЛ ЕЛ»: ЖІГЕРЛІ ЖАСТАР ЖҰМЫСЫ

«ЖАСЫЛ ЕЛ»: ЖІГЕРЛІ ЖАСТАР ЖҰМЫСЫ

Жастарды еңбексүйгіштік пен тазалыққа тәрбиелейтін «Жасыл ел» бағдарламасының болашағы баянды. Жастар жасағы қатарында еңбек етіп, қосымша қаражат тапсам дегендердің дені жас буын. Бағдарламаның да мақсаты – елді мекен ішін жасыл желекке көмкеріп, туған жерге деген патриоттық сезімін арттыра отырып, жұмыссыздық деңгейін төмендету. Жасақ мүшелерінің басым бөлігі студенттер. Жазғы демалыста бос уақытын тиімді өткізіп, оқу ақысына тамшыдай болса да теңге табуға мол мүмкіндік. Бұл мемлекеттің ел ертеңіне де деген үлкен қамқорлығы. Бағдарлама бастау алғалы жүз мыңдаған жастардың күшімен миллиондаған жасыл желек отырғызылып, көгалдандыру жұмысына қомақты үлес қосқан. Хош. Республикадан ауданға ойыссақ. Кент орталығында «Жасыл ел» жастар жасағы өз жұмысын бастап кетті. Маусым айының алғашқы күндерінен 21 жас жұмыспен қамтылса, бүгінде шілде айында 50 жас аудан орталығындағы «Жеңіс» саябағы мен «Тағзым» алаңын тазалап, арам шөптерін отауға атсалысуда. Бұл жөнінде біз «Жасыл ел» жастар жасағының аудандық жетекшісі Жанабіл Батыржаннан білдік.
– Бүгінгідей аптап ыстықта саябақты тазартып, көгалдандыру оңай шаруа емес. Десе де, жаңақорғандық жастардың туған жерді жасыл желекке айналдыруға деген ықыласы зор. Олар түйір нан тамшы терден тұратынын жақсы біледі. Еңбекке деген құлшыныстары кісі қызығарлық. Қазір 50 жасты маусымдық ақылы жұмыспен қамтыдық. Айлық – 50 мың теңге көлемінде. Бастысы – ерінбей еңбектене жүріп, кенттің көркеюіне өзіндік үлесін қосады, – дейді жасақ бригадиріБатыржан Рахматуллаұлы.
Иә, екі айда жетпіс  адамды жұмыспен қамту қуантарлық жайт. Осы орайда, бізді «Еңбек жасағы» құрамына кімдер тартылды деген сұрақ қызықтырды. Оның жауабын жасақ жетекшісінен алдық. Бүгінде өздеріңізге белгілі, қоғамда маргинал және NEET санатындағы жастар деген түсінік бар. Алғашқысы, ортадан оқшауланған, кейінгісі жұмыссыз. Міне, «жасыл елдіктер» қатарында мұның екеуі де қамтылған. Оған қоса, қарапайым ауыл жастары да осы еңбек қозғалысынан жұмыс тапқан.
– Өзім Көкшетау қаласындағы Қатаркөл ауылшаруашылығы колледжінің студентімін. Жазғы демалысқа ауылға келгеннен кейін қоғамдық іске араласып, әрі қосымша қаржы табу мақсатында осы жасаққа мүше болдым. Кенттегі бас көшелердің бойына  тазалық жұмыстарын жүргіздік. Сауапты да жауапты шараның ортасынан табылғаныма ризамын. Мемлекеттің жастарға жасап жатқан жасампаз жобаларына алғысым зор. Өлке тазалығы мен көгалдануына бар күшімізді салатын боламыз, – дейді 4-курс студенті Гүлмарал Әшімова.
Түйіндей келгенде, «Жасыл ел» бағдарламасы жастар қауымының Отанға деген сүйіспеншілігін арттырып, тазалық сақтауға, экологиялық тәлім алуға таптырмайтын жоба. Оған қоса, ата-анасына демеу болып, қосымша қаржы табуына мол мүмкіндік ашады. Әрине, ең бастысы, елдік мүдде жолында адал еңбектенудің ерен үлгісін паш етеді. 
21 шілде 2018 ж. 1 531 0