Соңғы жаңалықтар

№92 (8906) 2

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (8905) 29

29 қараша 2025 ж.

№90 (8904) 25

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » «ЖАСЫЛ ЕЛ» ЖАСТАР ЕҢБЕК ЖАСАҚТАРЫ ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

«ЖАСЫЛ ЕЛ» ЖАСТАР ЕҢБЕК ЖАСАҚТАРЫ ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ




Қызылорда облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының «Жасыл ел» еңбек жасақтарына жастарды көркейту, көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарына тартуды ұйымдастыру жобасы бойынша, облыстық «Жасыл ел» еңбек жасақтарының жұмысы шілде айынан бастап кезекті еңбек маусымын бастады.


16-29 жас аралығындағы оқушы, студент және жұмыссыз жастар туған өлкемізді көгалдандыру, абаттандыру жұмыстарына үн қосуда.
Қызылорда облысы бойынша, Арал ауданында – 50 сарбаз; Қазалы ауданында - 50 сарбаз; Қармақшы ауданында - 60 сарбаз; Жалағаш ауданында - 52 сарбаз; Сырдария ауданында - 41 сарбаз; Шиелі ауданында – 44 сарбаз; Жаңақорған ауданында – 52 сарбаз және Қызылорда қаласы бойынша 176 жас сарбаздар еңбек етуде.
Қазіргі таңда Қызылорда қаласы бойынша тамыз айына жұмыс жасауға тіркелу және құжаттарды жинау жүргізілуде. Облыстық «Жасыл ел» штабы Ғ. Мұратбаев көшесі №13, «Бабас» БО 224 кеңсе.
07 шілде 2019 ж. 1 244 0