№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » «Жасыл ел» жасағы: елдің алғысын арқалады

«Жасыл ел» жасағы: елдің алғысын арқалады


Жастардың жазғы уақытын тиімді іске бағыттау мақсатында Жаңақорғанда «Жасыл ел» бағдарламасы аясында жастар жасағы құрылды. Күннің аптап ыстығына қарамай жұмысын тиянақты атқарып жүрген жастармен жүздесіп, халін білдік.


Жаңақорған жастар ресурстық орталығына арнайы өтінішпен келген 40 жасты 4 бригадаға бөліпті. Құрамында студенттер мен жұмыссыз жастар енген. Күнделікті жоспарға сай таңғы сағат 9-00-ден кешкі 7-00-ге дейін кент көшелерін абаттандыру, әктеп-сырлау, қоқыстардан тазарту жұмысын атқаруда. Жалынды жастардың күннің аптап ыстығына қарамастан тазалық жұмыстарын атқарып жүргенін көрген көпшілік алғысын айтып жатқанын құлағымыз да шалды.
–Айналайындар-ай, шілденің шіліңгіріне ұрынып жатқандарыңды да сезбейсіңдер-ау, денсаулықтарыңа абай болғайсыңдар. Сендердің тап-таза етіп, айнадай жарқыратып қойған жол жиегінен өткен сайын мың рет рахметімді айтып жүрмін. Қоқысқа толған аймақтар тазаланыпты. Ендігі жерде тұрғындар осы еңбектеріңді білсе болғаны, – дейді бір топ жастардың жанынан өтіп бара жатқан қария.
Осы іспетті алғаусыз тілектер фейсбукте де жиі айтылып жүр. Саяжай аймағындағы тұрмыстық қалдықтарды тазалап жүрген жастардың суреттері желіде көп қаралым жинапты. Осы жазбаға пікір білдірген қоғам белсендісі Әйгерім Әбілтаева: – Тазалық – көпттің ісі. Күнделікті қоқысты әр бұрышқа жинап, санитарлық талаптарды бұзып жүрген жерлестер де арамазда жүр. Олардың санасында көше сыпырушылары ғана жауапты секілді. Аналар тобының белсендісі болғандықтан көршілер арасында осындай тазалық мәселесімен шағымданатындар да көп. Айтпағым, әр адам өз үйіне, өз ауласы мен көшесіне жанашырлық танытпай, қоқыстан көз ашпасымыз анық. Жасыл ел жасағының жұмысына адамгершілік танытып, таза аймақтардың сақтығын ұстау баршаға міндетті, – деген ойын жеткізді.
Көшесінде көлеңке табыла бермейтін кенттің тазалығын қалпына келтіру жұмыстарында белсенділік танытып жүрген әрбір жастың еңбегін халық жоғары бағалауда.
Бірінші маусымдық жұмысты аяқтаған жасыл ел жасақшылары қортынды кешін атап өтті. Ордакент үйінің мәжіліс залында өткен кездесуде жастар ресурстық орталығының директоры Наурызбай Орынбасаров «Жасыл ел жастарының» жұмысына ризашылығын білдіріп, арнайы «Алғыс хатын» табыстады. Жасыл ел жасағының бригадирлері мен белсенді мүшелері Аужан Бақдаулет, Өмірбек Нұрбек, Шарапова Үміт, Бектұрғанов Асылбек, Абылай Аймұхаммед, Қасым Жаннұр, Фазылбек Ақжелен, Ғаниұлы Диас марапат мінберінен көрінді.
Айта кететіні, «Жасыл ел» жасағының жастары қамыс ору науқанына белсенді араласуда.

Мақпал ПАТЕНОВА


14 шілде 2021 ж. 462 0