Құрылтай

№54 (8968) 21

21 шілде 2026 ж.

№53 (8967) 18

18 шілде 2026 ж.

№52 (8966) 14

14 шілде 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » "Жасыл ел" Еңбек жасағы елеулі қызмет жасауда

"Жасыл ел" Еңбек жасағы елеулі қызмет жасауда

Жаңақорған ауданының жұмыссыз жастары, демалыстағы студенттер мен жоғары сынып оқушылары маусымдық жұмыспен айналысып, мемлекеттік қолдауға ие болуда. Жасыл елдің алғашқы легі маусым айында басталды. Барлығы 38 жас қатысып, тынымсыз еңбектеніп, кент орталығындағы А.Иманов, Тәуелсіздік көшесі бойын, орталық саябақты, орталық алаңға жақын көшелерді қоқыс пен шөптерден тазартуда.


Осылайша, аудан жастары жазғы демалыс уақыттарын тиімді жұмсап, табыс тауып, әрі рухани кемелденіп сауапты істерде бастары бірігуде. Әр маусым жұмыстары аяқталғанда, қызықты team building ұйымдастырылып, үздік еңбекші жастар аудандық жастар ресурстық орталығы тарапынан алғыс хаттармен марапатталатын болады.

Құрметті еңбекке жаны құмар барша жастар! Сіздерді шілде айында жалғасатын жұмыстың кезекті легіне қосылуға шақырамыз!
Толық ақпаратты 8 775 523 2627 (Сымбат) телефон номеріне байланысып біле аласыздар!

Жасыл Ел 2023
23 маусым 2023 ж. 269 0