№88 (8799) 5

05 қараша 2024 ж.

№87 (8798) 2

02 қараша 2024 ж.

№86 (8797) 29

29 қазан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Қош бол, балабақшам!

Қош бол, балабақшам!


Әр бала – бір жұлдыз. Тек оны дер кезінде тани білу керек. Әсіресе бүгінгі балалардың ақыл-ойы алғыр, қарым-қабілеті ерекше деуге болады. Балабақша – мектепке дейінгі тәрбие мен білім берудің негізгі ұясы. Халқымыздың әдептілік, инабаттылық, мейірімділік, қайырымдылық, ізеттілік, қонақжайлылық қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіретін қасиетті мекен. Солардың қатарында кент орталығындағы «Рабина» бөбекжай балабақшасы бар.


Мұнда келген әрбір бала үлкен қамқорлықты сезінеді. Тә­лімгерлердің күлкісі мен мейірімі арқасында балабақша жұмысы жыл өткен сайын гүлденіп, көркейіп келеді.
Осы жылдар ішінде бөбекжайда көптеген шаралар өтіп, ата-ананың мол ықыласына кенеліп, әр үйдің еркесінің асығып барар ыстық мекеніне айналған. Балабақшаға арнайы ат басын бұрып, «Қош бол балабақшам!» атты қоштасу кешіне бізге де куә болудың сәті түсті. Биыл 8 бүлдіршін бақшамен қоштасып, мектеп табалдырығын аттауға дайын. Осындай ізгі білім мен тәрбиені ұштастыра білген балабақша әдіскері Роза Оразалиеваның еңбегі ерен.
Бітіруші топтың тәрбиешісі Арайлым Үртекова балалардың қолына қалам ұстатып, әріп танытып, мектепке дайындады. Ал тәрбиешінің көмекшісі Гүл­жазира Жұпанова әр баланың тазалығы мен тәртібіне ерекше назар аударып, балғындар бойына ізгі қасиеттерді еге білгені көрініп-ақ тұр.
Мереке аясында бөбекжай меңгерушісі Ләйлә Алтайбайдың құттықтау тілегі төмендегіше өрілді:
– Балабақшада балғындардың жан-жақты дамып, тұлға болып қалыптасуына барлық жағдайды жасауға тырысып келеміз.
Балаларды алғашқы білім мен тәрбиеге баулуда аянбай еңбек ете береміз, мемлекет тарапы­нан жан-жақты қолдау көп. Балабақша табалдырығынан аттаған әрбір балаға өз деңгейінде білім беру, дамыту біздің басты мақсатымыз.
Әрдайым тың ізденісте жұмыс жасап, бүлдіршіндерді шығармашылық пен өнерге баулып келе жатқан балабақша ұжымының еңбегі ерен. Бұл құтты мекендегі әр күн ізденіс пен жаңалыққа толы. Сурет салу, ән, би жаттығулары арқылы балапандардың шығармашылығын арттыруға күш салудамыз, – деді ол.
Тәрбие мен білімнің бастауы саналатын балғын­дар мекенінің бүгінгі тыныс-тіршілігіне қанық болып, шаттанған балалардың қуанышына ортақтасып, көңіліміз жадырап тарқастық.

Арайлым Уртекова,
«Рабина» балабақшасының тәрбиешісі

11 маусым 2024 ж. 193 0