№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Ай көркем» бақшасының жұмысы жүйелі

Ай көркем» бақшасының жұмысы жүйелі

Әр бала – бір жұлдыз. Тек оны дер кезінде жаға білу керек. Әсіресе бүгінгі балалардың ақылойы алғыр, қарым-қабілеті ерекше деуге болады. Балабақша – мектепке дейінгі тәрбие мен білім берудің негізгі ұясы. Халқымыздың әдептілік, инабаттылық, мейірімділік, қайырымдылық, ізеттілік, қонақжайлылық қасиеттерін де жас ұрпақтың бойына сіңіретін қасиетті мекен. Солардың қатарында кент орталығындағы «Ай Көркем» бөбекжай балабақшасы бар.



Бұл балабақша 2016 жылдан бастап балғындарға есігін айқара ашқан екен. Әуелі 45 баланы қабылдап, екі топпен жұмыстарын бастайды. Мұнда келген әрбір бала үлкен қамқорлықты сезінеді. Білікті педагог, психолог, логопедтер, хореограф, ән жетекшісі сынды үздік ұстаздар жұмыс жасайды. Балабақшада балаға қажеттінің бәрі табылады. Тәлімгерлердің күлкісі мен мейірімі арқасында арнайы балабақша жұмысы жыл өткен сайын гүлденіп, көркейіп келеді.

Осы жылдар ішінде бөбекжайда көптеген шаралар өтіп, ата-ананың мол ықыласына кенеліп, әр үйдің еркесінің асығып барар ыстық мекеніне айналған. Балабақшаға арнайы ат басын бұрып, «Қош бол балабақшам!» атты қоштасу кешіне бізге де куә болудың сәті түсті. Биыл 12 бүлдіршін бақшамен қоштасып, мектеп табалдырығын аттауға дайын, барлығының қолдарында арнайы сертификаттары бар.

Мереке аясында бөбекжай меңгерушісі Маржан Исмаилованың айтары көп екен.
– Тәуелсіз елімізде келешек ұрпақты тәрбиелеу мәселесі өзекті. Балабақшада балғындардың жан-жақты дамып, тұлға болып қалыптасуына барлық жағдай жасауға жұмыс жасап келемін. Бүгінде 3-6 жас аралығында екі топта 45 бала тәрбиеленуде. Осы балаларға жауапты 15 қызметкер еңбек етеді. Балалар шетінен білімге құштар және өнерлі. Балаларды алғашқы білім мен тәрбиеге баулуда аянбай еңбек ете береміз, өйткені мемлекет тарапынан жағдай жан-жақты қамтылған. Балабақша табалдырығынан аттаған әрбір балаға өз деңгейінде білім беру, дамыту біздің басты мақсатымыз. Баланың дұрыс қалыптасып, дамуы үшін барымызды салып келеміз. Біздің балаларымыз да үмітімізді ақтап, түрлі шаралардан жүлделі орындарды иеленіп жүр, – деді ол.

Әрдайым тың ізденісте жұмыс жасап, бүлдіршіндерді шығармашылық пен өнерге баулып келе жатқан балабақша ұжымының еңбегі ерен. Бұл құтты мекендегі әр күн ізденіс пен жаңалыққа толы. Сурет салу, ән, би жаттығулары арқылы балапандардың шығармашылығын арттыруға күш салуда. «Үйренер нәрсеңбілім мен мейірімділік» деп Жүсіп Баласағұн айтқандай, балабақша ұжымы әрбір күнді ізденіспен өткізеді.

Иә, расымен өскелең ұрпақты тәрбиелеу зор жауапкершілік. Қоршаған ортадағы түрлі құбылыстарды жете түсінуге талпынған сезімтал балаларға көмектесуді мұрат еткен ұжымның басты ұстанымы да бала жүрегінен жол табу. Балабақша қызметкерлерінің зейінзерделік, кәсіптік, адамгершілік, рухани азаматтық және басқа да қабілеттерді қалыптастыру нәтижесінде оқу-тәрбие жұмыстары жоғары деңгейде екеніне көзіміз жете түсті.

Қазақ «Болар бала бесігінде бұлқынар», «болам деген баланың бетін қақпа, белін бу» демей ме? Қазақтың осындай даналық ойларынан дарынды балалардың тұлғалық болмысы мен ерекше қабілеттерін аңғарып, оны көпшілік алдына шығаруға еңбек етіп келе жатқан осындай балабақшаның орны қашанда ерекше. Өйткені қазіргі заманда интеллектуалды және жеке даму мәселесі күн санап маңызды болуда. Себебі, біз сандық, жедел дәуірде өмір сүрудеміз. Әлем қарқынды түрде дамып жатыр. Бұл тұрғыда қоғам жаңа форматта ой өрбіте алатын, дамыған сыни көзқарасы бар адамдарға қажеттілікті тудыруда. Бұл бағытта «Ай Көркем» балабақшасының оқ бойы озық көрініп, өзгелерден дараланып жүрген іс әрекеттері мен жасаған жұмыстарынан байқалып-ақ жүр.

Қорыта айтқанда, тәрбие мен білімнің бастауы саналатын балғындар мекенінің бүгінгі тыныс-тіршілігіне қанық болып, шаттанған балалардың қуанышына ортақтастық. Иә бала қуанса әлем жадырайды емес пе?

Әсел Рзаева
13 маусым 2023 ж. 207 0