№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Әр бала бақытты болуға лайық

Әр бала бақытты болуға лайық


Кент орталығындағы «Арнайы балабақшаның» тынысы басқа бөбекжайлардан бөлектеу. Мұнда келген әрбір бала үлкен қамқорлықты сезінеді. Білікті педагог, психолог, дефектолог, логопедтер, массажистер тірек қимылы әлсіз әрбір дамуында тежеуі бар баламен жұмыс істеп олардың алға дамуына жұмыс жасайды.


Балабақшада балаға қажетті, сеті­немейтін сүйіспеншілік тіні орнық­қанда бір нәтижеге жетуге болады. Тәлімгерлердің күлкісі мен мейірімі арқасында арнайы балабақша жұмысы жыл өткен сайын гүлденіп, көркейіп келеді. Өзім қызмет ететін құтты мекендегі әр күніміз ізденіс пен жаңалыққа толы.
Бүгінде төрт топ жұмыс істеуде. Тәулік бойы қызмет ететін орталықта тіл дамуы кешеуілдеп қалған, көзінің көру нашарлығы мен тірек қимылының әлсіздігіне байланысты балалар тәрбиеленуде. Сурет салу, ән, би жаттығулары арқылы олардың шығармашылығын арттыруға тырысамыз. Арнайы көрнекіліктер арқылы дамуында өзгерістер болса қуанамыз.
«Үйренер нәрсең-білім мен мейі­рімділік» деп Жүсіп Баласағұн айтқандай, балабақша ұжымы әрбір күнін ізденіспен өткізеді. Мекеменің басты ұстанымы біліктілік дағдыларға тікелей байланысты. Осындай мамандардың кәсіби шеберлігін арттыруға ұдайы көмегін тигізер әдіскердің де орны ерекше. Айгүл Ахметованың ұйымдастырушылық қабі­летін ұжымдастар жоғары бағалайды. Ал орталықтың басшысы Жамал Нәлібаева:
– Балабақша табалдырығынан аттаған әрбір балаға өз деңгейінде білім беру, дамыту біздің басты мақсатымыз. Білім саласында заманауи педагогикалық технологиялар қаншалықты маңызды болса, ерекше қамқорлықты қажет ететін балаларға да осы әдіспен сабақ өткізуді жолға қоюымыз керек. Баланың дұрыс қалыптасып, дамуы үшін барымызды салатын боламыз, – дейді.
Иә, расымен өскелең ұрпақты тәрбиелеу зор жауапкершілік. Қоршаған ортадағы түрлі құбылыстарды жете түсінуге талпынған сезімтал балаларға көмектесуді мұрат еткен ұжымымыздың басты ұстанымы да әрбірінің жүрегіне жол табу. Балабақша қызметкерлерінің зейін-зерделік, кәсіптік, адамгершілік, рухани азаматтық және басқа да қабілеттерді қалыптастыру нәтижесінде оқу-тәрбие жұмыстары жоғары деңгейде жүруде. Мен осы балақшада жұмыс істегенімді мақтан тұтамын.

Айман Үсейінова,
«Арнайы балабақша» тәрбиешісі
22 мамыр 2021 ж. 852 0