Соңғы жаңалықтар

АДАМ ДОСЫМЕН МЫҚТЫ

03 қыркүйек 2026 ж. 535

№67 (8981) 5

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (8980) 1

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (8979) 29

29 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » » Қош бол, балабақшам

Қош бол, балабақшам

Сен үйреттің сөйлеуді,
Сенде ойым есейді.
Мектепке барам мен енді,


Балабақшам қош енді – демекші, Қандөз ауылындағы №22 «Балдырған» балабақшасы халықаралық балалар күнінде ерекше шара өтілді. «Қош бол, балабақшамыз» атты іс шарада балабақша меңгерушісі Гүлжазира Искакова мектепке аттанғалы тұрған түлектерге сәттілік тілеп, алғыс хаттар табыстады. Ертеңгілік өте қызықты және көңілді, тартымды өтті. Балалардың жүздерінен шат көңіл де, сонымен қатар мұңаю да байқалды.
Шат көңіл дейтініміз мерекеге балалардың көңіл -күйін көтеруде ертегі кейіпкерлері қатысты, балалар ән айтып, би биледі. Осындай көңіл- күй ата-аналардың да жүздерінен байқалған сияқты. Жас түлектер үйренген өнерлерін ортаға салып, ән айтып, балабақшада үйренген тақпақтарын айтып, әр түрлі билер орындап, бүкіл ата-аналардың, балабақша қызметкерлерінің де көңілінен шықты.
Мереке соңында балалардың ата-аналары ізгі тілектерін білдіріп, ақ батасын беріп, балабақша тәрбиенушілері жайдарлы көңіл күймен, қуанышпен, қимастықпен, болашаққа деген үлкен арманмен, балабақшамен қоштасты. Тәрбиеленушілерімізге болашақта тек қана ақ жол тілеймін.

Роза Кенбаева

11 маусым 2021 ж. 972 0