№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » «ҮЗДІК БАЛАБАҚША – БӘЙТЕРЕКТЕ»

«ҮЗДІК БАЛАБАҚША – БӘЙТЕРЕКТЕ»

Балабақша – мектепке дейінгі тәрбие мен білім берудің негізгі ұясы. Халқымыздың әдептілік, инабаттылық, мейірімділік, қайырымдылық, ізеттілік, қонақжайлылық қасиеттерін де жас ұрпақтың бойына сіңіретін қасиетті мекен. Жаңарық ауылдық округіндегі «Бәйтерек» бөбекжайбалабақшасының «Үздік балабақша» атануының өз себебі бар.

Бұл балабақша 2014 жылы «Балапан» бағдарламасы аясында ашылған. Балғындар мекеніне биыл 10 жыл толса да, жеткен жетістігі бір төбе. Сол жылдар ішінде бөбекжайда көптеген шаралар өтіп, ата-ананың мол ықыласына кенеліп, ауыл баласының асығып барар ыстық отанына айналды. Бөбекжай балабақша халықаралық стандартқа сай, асхана мәзірі, жылы төсек, жылы су, балаға сай әжетхананың болуымен ерекшеленеді. «Үздік балабақша» статусын иеленген бөбекжайдың меңгерушісі Гүлжан Байдалиеваны сөзге тартқан едік. – Тәуелсіз елімізде келешек ұрпақты тәрбиелеу мәселесі бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Балабақшада балғындардың жан-жақты дамып, тұлға болып қалыптасуына барлық жағдай жасалған. Қазіргі таңда типтік жобада материалдық техникалық базасы толық жабдықталған, инновациялық технологиялармен – интерактивтік тақта, сиқырлы қалам кешені, электронды киіз үй, ақылды қалам, эбру, ақылды аю электронды тақта, электровикторина – интерактивті ойын құралдарымен қамтылған. Бүгінде 2-6 жас аралығында екі топта 70 бала тәрбиеленуде. Осы балаларға жауапты 12 педагог және 37 кіші қызметкер еңбек етеді. Балалар шетінен білімге құштар және өнерлі. Бақылау департаменті осы оқу жылында “Үздік балабақша” статусын берген еді, бүгін аудандық білім бөлімінің марапатына ие болдық, – деді ол. Әрдайым тың ізденісте жұмыс жасап, бүлдіршіндерді шығармашылық пен өнерге баулып келе жатқан балабақша ұжымының еңбегі ерен. Балабақша тынысынан сыр шертер ақпараттарды қамтыған бұрышта тәрбиеші қауымның жетістіктері қойылған. Оның ішінде бөбекжай меңгерушісі Гүлжан Беркарақызы және балабақша тәрбиешісі Сабира Сыздықова облыстық басқарма басшысы Майра Мелдебекованың «Құрмет грамотасымен» марапатталғанын білуге болады. Аудандық білім бөлімінің «Алғыс хатымен» балабақша әдіскері Сәбира Сыздықова және тәрбиешілер Зарема Сайдажиева, Несібелі Арынғазиева, Индира Ахметова марапатталған. Балабақша медбикесі Нұрила Жұмаханова, шаруашылық меңгерушісі Ұлжан Нұрғалиева, көмекші тәрбиеші Меруерт Мадилова, Гүлмира Сансызбайқызы, Ғалияш Абдиллаханова, Гүлнұр Оңалбай, Аружан Алиакбар, дефектолог Гаухар Базарбаева аудан әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталған. Аманкүл Есмұрзаева “Мен зерттеушімін”, Эльвира Құланбаева “Анам, әжем және мен” байқау иегерлері. Негізі қаланғанына 10 жыл толған балабақшаның жетістіктері де аз емес. Аудандық мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілерінің арасында ұйымдастырылған «Үздік тәрбиеші 2017» сайысында балабақша тәрбиешісі Сәбира Сыздықова «Ең үздік портфолио» номинациясымен марапатталған. “Анам, әжем және мен” байқауында Мейірбек Кәусар, Тәңірберген Әлихан үшінші орын иеленсе, республикалық байқауларда Зейін Әбдіғаппар, Айлин Талғатқызы, Мүсілім Рахманқұл, Айзере Сансызбай, Алихан Нысанбек, Көркем Ибадулла, Ералбек Әлмағанбет, Еркеайым Мейірбек, Тәңірберген Әлихан үздік деп танылды.
Мақпал МАРҚАБАЙ
04 қаңтар 2024 ж. 299 0